Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадында

«Мәдени мұра» акциясы аясында Қазақстан Халық партиясы өңірлерде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастыруда. Нақтырақ айтсақ, патриоттық сағаттар, спорттық жарыстар мен турнирлер, дәрістер мен семинарлар өткізіп жатыр.

– Бұл жұмыстардың барлығы Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен халықтың ерлігі жас буынның жадында мәңгі сақталуы мақсатында жүзеге асырылып жатыр, – деп атап өтті партия өкілдері.

Абай облысындағы ҚХП филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Кеңесбаев Семей қаласындағы №20 жалпы білім беретін мектепте өткен марапаттау рәсіміне қатысты. Іс-шара екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті еске алуға арналған әскери-спорттық жарыстың жеңімпаздарын марапаттауға арналды. Бұл жарыстарға 9-11 сынып оқушылары қатысты.

1

2

Ал Ұлытау облысындағы партия филиалының өкілдері Жезқазған технология және сервис колледжінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге шамамен 60 мұғалім мен студент қатысты. ҚХП өкілдері партияның мақсаты мен атқарып жатқан жұмыстары жөнінде әңгімелеп берді. Тәрбиелік маңызы зор тақырыптар төңірегінде пікір алмасу өтті. Жас буын үшін Ұлы Жеңістің маңызы жөніндегі тақырыбы талқылаудың өзегі болды.

3

4

5


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy