Халық жүрегіндегі қаһарман қыз

Қазақстан Халық партиясы «Мәдени мұра» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларды жалғастыруда. Бұл шаралардың бір бөлігі Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған мерген Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналды.

Батыс Қазақстан облысында осы атаулы күнге орай «Айбын-2025» атты әскери-патриоттық жарыстар өткізілді. Шараның соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Облыстық мәслихат депутаты, ҚХП-ның жергілікті филиалының төрағасы Борис Лаврентьев жарысқа қатысушыларды шын жүректен құттықтап, жастарды тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

– Байқауға қатысқан студенттер мен ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз! Жастарымыздың патриоттық рухы – еліміздің басты құндылығы! – деді ол.

Қарағанды облыстық филиалы да қазақтың қаһарман қызының ғасырлық мерейтойын атап өтіп, спорт клубтары мен үйірмелер арасында жарыс ұйымдастырды.

– Қатысушылар жоғары физикалық және моральдық дайындықтарын, сондай-ақ Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктерін көрсетті. Мұндай іс-шаралар өте маңызды, себебі олар шабыттандырады, тәрбиелейді және ұрпақтарды біріктіреді, - деп атап өтті партия өкілдері.

Алматы қалалық филиалы «Меркурий Медет» мамандандырылған оқу орталығымен бірлесіп, Әлияны еске алуға арналған әскери-патриоттық эстафетаны сәтті ұйымдастырды. Қатысушылар кедергілер жолағынан өтіп, страйкбол қаруынан атуда мергендіктерін көрсетті. Барлық кезеңдер командалық форматта өтті, мұнда жылдамдық пен дәлдіктен бөлек, әрекеттердің үйлесімділігі де шешуші рөл атқарды.

– Эстафета тарих пен Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігіне бейжай қарамайтын жастарды біріктірді, – деп қорытындылады ұйымдастырушылар.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy