Қазақстан Халық партиясының ұжымы 66 жасында дүниеден озған Қалдархан Әбдірашұлы Әлиевтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Сіздердің ауыр қайғыларыңызға ортақтаса отырып, бірге аза тұтамыз.
Қалдархан Әбдрашұлы қызмет жолын «Газсовхозремонт» трестінде қарапайым слесарь-сантехник ретінде бастап, Достық ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Ол елге сіңірген еңбегі үшін Мақтаарал және Жетісай аудандары әкімдіктерінің атынан бірнеше мәрте Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталды.
2024 жылдың күзі мен 2025 жылдың көктемі аралығында Қалдархан Әбдірашұлы Қазақстан Халық партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы Мақтаарал және Жетісай аудандық өкілдіктерін басқарды. Ол ерекше салмақты мінезімен, тәртіпке деген беріктігімен, уақытты тиімді ұйымдастыру қабілетімен және кез келген адаммен тіл табыса білуімен ерекшеленді. Жауапкершілігі мол, ұстанымына берік, әр іске мұқият қараған Қалдархан Әбдрашұлы әріптестері мен партияластары арасында зор беделге ие болды.
Қалдархан Әбдрашұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.
Рухы шат, жаны жәннатта болсын!