Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Ә. А. Смаиловқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Біз нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Біз дамудың қазіргі экономикалық моделін тиімді немесе тиімсіз, жақсы немесе жаман деп санауымыз мүмкін, бірақ оның нарықтық екені күмән тудырмауы керек. Мәселе мынада: біздің нарықтық экономика еркін нарық заңы бойынша өмір сүріп жатыр ма? Баға белгілеу жүзеге әділ жолмен бе, әлде алыпсатарлықпен жүзеге асырыла ма? Бағаның қалыптасуына шын мәнінде не әсер етеді, бағаның өсуі үнемі нарықтық факторларға байланысты бола ма?
Біз жыл сайын қымбатшылықтың қарқын алып келе жатқанын және осы құбылыстың соңғы онжылдықта тұрақты түрде қайталанатынын көріп отырмыз. Өкінішке қарай, адамдардың өмір сүру деңгейі мен нақты табысы төмендеп барады.
Бағаны реттеу және баға белгілеу үдерісіне әсер ету тиімді шара емес, бірақ тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық саясатының құралы ретінде әлемдік экономикада кең таралған құбылыс.
Мемлекет үнемі және барлық уақытта маңызды рөл атқарды. Әсіресе дағдарыс кезеңдерінде экономиканы қолдауға тікелей араласты. Осылайша, қалыптасқан жағдайды, экономикадағы дағдарысты, бағаның бақылаусыз өсуін және инфляцияны назарға ала отырып, баға белгілеуді мемлекет тарапынан реттеу қымбатшылықты тежеудің тиімді тетігіне айналды.
Бағаны реттеу арқылы мемлекет белгілі бір тауарлардың айналымын бақылап, бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Бағаны тежеу арқылы мемлекет өнімнің жекелеген түрлерін ұсынуды арттыра немесе шектей алады. Мысалы, билік бағаны реттеу арқылы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың (дәрі-дәрмектің) қолжетімділігін қамтамасыз етеді және керісінше, басқа тауарлардың (мысалы, алкоголь мен темекі өнімдерінің) айналымын шектейді. Өздеріңіз білетіндей, тұтынушы үшін күресте баға бәсекенің бәсін қыздыратын құралдың бірі. Бәсекелестік дамыған ортада баға экономикалық процестерді реттеу механизмі ретінде әрекет етеді және сұраныс пен ұсынысты теңестіреді. Бәсекелестік жағдайында баға тікелей ынталандырушы болады және өндірістің ең үнемді әдісін қолдануға сонымен қатар ресурстарды барынша толық пайдалануға ықпал етеді.
Бәсекелестік кәсіпорындарды тұтынушыға үнемі жақсы баға ұсынуға және нарықтағы үлесін қайтарып алуға итермелейтін фактор болып табылады.
Неге екені белгісіз бізде бұл жұмыс істемейді. Кейбір нарық субъектілерінің монополиялық жағдайы оларға бәсекелестік туралы ойламауға мүмкіндік береді немесе олар тұтынушы үшін күресуге ниет танытпайды.
Бәсекелестік факторы болмаса, инертті кәсіпорындардың қатары көбейеді, өйткені тұтынушы үшін күресу қажеттілігі жоғалады. Тұтынушылар таңдау жоқ болғандықтан ұсынған дүниені алуға мәжбүр болады.
Мемлекет бағаны реттеу үшін жеткізушінің шекті шығындарына барынша жақындатып, өнімнің бағасын пайда табуға мүмкіндік беретін деңгейде тұрақты ұстап тұруға тиіс. Бұл ретте сатып алушылардың да талабы қанағаттандырылуы керек.
Тарифтік реттеудің негізгі қағидаты реттелетін тауарлар мен қызметтерді сонымен қатар жеткізуші мен тұтынушы мүддесінің теңгерімін сақтай отырып қалыптастыруды темірқазық тұтқаны дұрыс. Жеткізушілердің барлық шығындары жабылуы, ал тұтынушылар қалаған дүниесін мейлінше төмен бағаға сатып ала алатын болуы керек.
Іс жүзінде бұл қағидатты сақтау үшін реттеуші органдар реттелетін шығындардың негізділігін міндетті түрде бағалау арқылы жүзеге асырады.
Мемлекет тиімді салық саясаты арқылы халықтың табысын қайта бөлу, өмір сүру деңгейі мен сатып алу қабілетін арттыру міндетін атқара алмай отыр. ЕТЖ өсу қарқыны экономика мен бағаның өсу қарқынан едәуір артта қалып келеді. Бюджет жобасына сәйкес, біз келесі жылы ЕТЖ өспейтінін, АЕК - пен баға шарықтайтынын біліп отырмыз.
Ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу үшін пайдаланылатын тұтыну себетінің құрамына кіретін тауарлар мен қызметтерге қатысты баға мен тарифті қатаң реттеу тәртібін енгізу қажет. Бұл аз қамтылған халықтың, жалақысы мен табысы ЕТЖ-ға тәуелді адамдардың сатып алу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жеделдетілген қарқынмен арттыруға бағытталған нақты мемлекеттік саясат әзірлеу қажет.
Экономиканың және оның жекелеген секторларының өсу қарқыны, жаңа бизнесті құру, тұтыну секторымен байланысты салаларды жандандыру (қызмет көрсету, жеңіл өнеркәсіп, білім беру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және т.б.) нақты сатып алу қабілетіне және тұтынудың өсуіне байланысты болады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, көрсетілген мәселелерді шешу бойынша Үкіметтің ұстанымын ұсынуды, сондай-ақ төмендегідей шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз:
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
М. Магеррамов
И. Сұңқар
К. Сейітжан
И. Смирнова
Г. Танашева
06.09.2023 ж. жарияланды