Қант диабетімен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері туралы

dep.jpg

                                        ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ 

Қазақстан Республикасында қант диабетiмен ауыратын науқастар санының жыл сайын ұдайы өсуi байқалады (2000 жылы - қант диабетiмен ауыратын 10742 науқас, 01.04.2024 жылы - 496 210 адам, ауырған адамдар саны 45 есеге өскен, 2030 жылға қарай болжамды саны - 800 мыңнан астам). Мұндай көрсеткіштер ұлттық деңгейде ҚД(СД)-мен күресу стратегиясы мүлдем жоқ «үшінші әлем» деп аталатын елдерге ғана тән жағдай екенін атап өткен жөн. Диабетпен күрестің ұлттық бағдарламаларының болмауы ҚД-мен және оның асқынуларымен сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің өсуін бақылауды жоғалтудың негізгі факторы болып танылады (Халықаралық Диабет Федерациясы, 2022 ж).

Аурудың көбеюінің басты себептерінің бірі (генетикалық факторлар мен күйзелістен басқа) біздің халықтың рационында қант қосылған тағам өнімдерін, түрлі сусындарды тұтынудың ұлғаюы болып табылады. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында қант мөлшерін күн сайын көп тұтынуға тәуелділік көбеюде және тиісінше, ерте жастан бастап семіздікпен және қант диабетімен сырқаттанушылар саны күрт өсуде. Сонымен қатар, ересек халықтың шамамен 6% -ы (алдын ала диабет және диагностикаланбаған жағдайларды қоса алғанда) 2 типті қант диабетінен (СД2) зардап шегеді, бұл мемлекет үшін үлкен қаржылық ауыртпалық тудырады. Күніне 100-ден астам диабетпен ауыратын жаңа науқастар тіркеледі. Қазақстанда қант диабетiмен сырқаттанудың жалпы ауыртпалығы, тiкелей медициналық және жанама шығындарды қоса алғанда, еңбекке жарамсыздықтан, жәрдемақыдан және т.б. айырылу жыл сайын кемiнде 436,4 миллиард теңге болып отыр және жыл сайын бұл сан өсiп келедi.

Қант диабетiмен күрес жөнiндегi тиiмдi iс-шаралардың болмауы қант диабетiне тән асқынулардың өсуiне алып келіп отыр. Атап айтқанда, 20 млн халқы бар елімізде диабеттік ангиопатия себебінен жылына 1894 аяқ кесу (күніне 5 кесу) жүргізіледі. Бұл ретте пациенттердің жоғары ампутациядан кейінгі 5 жылға дейін өмір сүру көрсеткіші небәрі 24% екенін түсіну керек. Салыстыру үшін айтсақ, Жапонияда (халық саны 127 млн. адам) ампутациялар саны - 550. ҚР-дағы барлық гемодиализдің 49% - қант диабетімен ауыратын пациенттер. Диабеттік ретинопатиямен асқынған диабетпен ауыратын науқастардың 41%-і көру қабілетінің күрт төмендеуі себебінен диспансерлік есепте тұрады.

Қазақстан Республикасында iс жүзiнде қазiргi заманғы қантты азайтатын препараттардың барлық түрлерi пайдаланылады, бұл посткеңестік кеңiстiк аумағында қол жеткiзілген үлкен жетістік екені сөзсiз. Екінші жағынан, ҚД(СД) бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР-дағы ең жеңіл, ең қолжетімді, қазіргі заманға сай және экономикалық шығыны да ең көп (2023 жылы 33 млрд теңге) болып танылды.

Көктемгі экологиялық апаттың нәтижесінде ҚР ДСМ диабетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындарын қысқартуға шақырады. Мұндай iс-әрекеттер, әсiресе диабетпен күрестiң Ұлттық бағдарламасының жоқтығын ескеретін болсақ, сыбайлас жемқорлықтың өршіп, әлеуметтiк және имидждiк деңгейдің төмендеп кету қаупін тудырады.

ҚР-да құрамында қант бар алкогольсіз сусындарға салық енгізу бойынша пікірталастар 2021 жылдан бері жүріп келеді. Отандық мамандар бұл салықты енгізген жағдайда жоғары калориялы сусындарды тұтыну азаяды және сол арқылы елдегі, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздік жағдайларының саны төмендейді деп үміттенеді. ҚР Үкіметі қанты жоғары сусындарға салық енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Мұндай салықтар 65-тен астам елде енгізілгеніне қарамастан, Қазақстанда бұл тақырыпты талқылаудың қиындығы шынайы ақпараттың аздығы мен түрлі алып-қашпа әңгімелердің кең таралуынан болып отыр.

Қарапайым есептеулер көрсеткендей, жылына қант мөлшері жоғары 2 миллиард 400 миллион литр сусын өндірілетінін ескеріп, (статистикалық деректер бойынша) оның әр литріне 20 теңге салық салынатын болса, бұл қаржы қант диабеті бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бюджетін 1,45 есе жабуға мүмкіндік береді, бұл қазіргі уақытта пайдаланылатын дәрі-дәрмектер тізімін қысқартып қана қоймай, кеңейтуге, жаңа технологияларды енгізуге, тіпті ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

К. Сейтжан

И. Сұңкар

Г. Танашева