Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Ә. А. Смаиловқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Әлихан Асханұлы!
2023 жылғы сәуірде электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді талдау біліктілік құрылымында барлық бос жұмыс орындарының 40% -ы орта білікті мамандарға сұраныс жоғары екенін көрсетті. 34,5 мың бос жұмыс орнына 22,5 мың түйіндеме ұсынылды. Яғни қажеттілік 1,5% - ға артық болды.
2022 жылдың басында Қазақстандағы 724 колледжде 493 300 студент орта-арнайы білім алатыны анықталды. Жыл сайын ТжКБ жүйесінен 140 мыңға жуық жас шығарылады.
Колледж студенттерінің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Алайда орта буын мамандарын даярлаудың сапасы мен олардың кәсіпорындарға қажеттілігі туралы ауыз толтырып айта алмаймыз.
Баланы балабақшада ұстауға мемлекет айына 40 мың теңгеден, мектепте ұстауға 50 мың теңгеден астам, ал 10-11 сыныптарда бір оқушыға айына 70 мыңға жуық теңге бөледі. Бір қызығы, колледждерге бір айға 37 мың теңге қарастырылады. Ал колледж орта білімді де, кәсіпті де меңгертуге міндетті. Бұл қызмет 10-11 сынып оқушыларының оқу құнынан төмен бағаланбауы керек!
Колледждердегі мұғалімдер мен шеберлердің жалақысы мектептердегі мұғалімдерге қарағанда әлдеқайда төмен. Бұл мұғалімдерді қысқартуға, шеберлерді жұмыстан шығаруға, салдарынан арнайы орта білім сапасын төмендетуге әкеледі.
Оқу-ағарту министрлігінің колледж студенттерін жан басына шаққандағы қаржыландырудың 2 есе ұлғайған көлемі орта мектептегі төлемдерден де төмен.
Қазақстан Халық партиясы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне колледждерде сапалы білім беруді ұйымдастыру және шын мәнінде білікті орта буын мамандарын даярлау үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін ұлғайтуды ұсынады!
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
И. Сұңқар
М. Магеррамов
К. Сейітжан
И. Смирнова
Г. Танашева
14.06.2023 ж. жарияланды