Ауыл әкімдерін сайлау барысында жіберілген бұзушылықтар туралы

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Б.Н. Асыловқа

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Н.М.Әбдіровқа

                                        ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

                                    Құрметті Берік Ноғайұлы!

                                    Құрметті Нұрлан Мәжитұлы!

Қазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысының саяси жаңғырудың жаңа кезеңі туралы бастамасын толығымен қолдайды.

Әділ Қазақстанды құрудың маңызды жолдарының бірі – әділ сайлау. Алайда, әділ сайлауға ескі үлгілер әдетімен әрекет етуге дағдыланған әртүрлі деңгейдегі әкімдер жиі қарсы тұрады.

2022 жылғы 19 желтоқсанда Алматы облысы Талғар ауданында Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің сайлауында бюллетеньдердің заңсыз төгілуі туралы хабарламалар сайлауға деген қылмыстық көзқарастың мысалы болды. Тек сайлаушылардың қағидаттылығы, олардың әділ Қазақстанға деген сенімі және Мемлекет басшысының бастамаларын қолдауы ғана заңсыздықты тоқтатты. Сайлау нәтижелері оң танылған жоқ. Іс сотқа берілді. Учаскелік комиссиялардың заңсыз әрекеттері мемлекеттік биліктің беделіне және халықтың жаңа Қазақстанға деген сеніміне нұқсан келтіреді. Өткеннің мұндай жаңғырығы елде болып жатқан өзгерістерге теріс әсер етеді. Олардан түбегейлі арылу керек.

Мұндай қылмыстың көптеп орын алуы – оның тергелу дәрежесіне тікелей байланысты. Себебі, аталған заңсыздықтар қылмыстық іс болып қаралмайды. Біздің партия мемлекеттік органдарды құруда алдауға жол берілмейді деп санайды. Себебі, барлық деңгейдегі шенеуніктер мен олардың көмекшілерінің билікті тартып алуы немесе оған әрекет етуі – ең ауыр қылмыс. Біз кезектен тыс парламенттік сайлау қарсаңында сайлаудағы өрескел заң бұзушылықтар үшін қылмыстық заңнаманы қатаңдату қажет деп санаймыз.

ҚР Қылмыстық кодексінің 151-бабына сәйкес жауапкершілік тек сайлау құжаттарын бұрмалағаны, бюллетеньдерге немесе қол қою парақтарына жалған жазбалар енгізгені, дауыстарды немесе сайлау нәтижелерін көрінеу дұрыс белгілемегені, не сайлау комиссиясының мүшесі дауыс беру құпиясын бұзғаны үшін ғана көзделеді. Бұл ретте қылмыстық заңнама бойынша қудалануға тиіс басқа адамдарға дауыс беру мүмкіндігін беру мақсатында бюллетеньдер лақтыру, азаматтарға сайлау бюллетеньдерін беру сияқты құқық бұзушылықтар ескерілмейді. Сайлау комиссияларының қалай құрылатыны да маңызды.

Жоғарыда аталған қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және жаңа және әділ Қазақстанның іс жүзінде жарқын көрінісі болады, сайлау процесін адал, бәсекеге қабілетті және ашық етеді. Бұл Қазақстан халқына қажет! Қазақстан Халық партиясы бұл мәселе назардан тыс қалмауы керек деп санайды. Әйтпесе, халықтың сайлауға деген сенімі түбегейлі жоғалады. Қазақстанның он екі миллион сайлаушысы бізді қолдайтынына сенімдіміз.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

А. Сқақова

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Ғ. Құлахметов

А. Милютин

Ғ. Нұғманова

Д. Легкий

Е. Смайлов

28.12.2022 ж. жарияланды