"Қазақ соқырлар қоғамы" ҚБ учаскесін әкімдіктің қол сұғушылығынан қорғау туралы"

dep.jpg

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Р.В.Склярға

                                        ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС
                                    Құрметті Роман Васильевич!

Қазақстан Халық партиясы депутаттық фракциясы сауалдарының бірі Павлодардың жергілікті атқарушы органдарының Ертістегі су көлігінің бірегей, еліміздегі жалғыз кеме жөндеу зауытын бұзып, оның орнына «жайлы мектеп» салу жөніндегі ешқандай негізсіз әрекеттері туралы болған еді. Депутаттық сауалдан кейін прокуратура органдары биліктің заңсыз әрекеттерінің жолын кесіп, кәсіпорын өз жұмысын жалғастырды.

Енді жоғарыда аталған мектепті салу үшін павлодарлық шенеуніктер «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ға тиесілі зағиптар мен нашар көретіндерге арналған оқу-өндірістік кәсіпорын аумағындағы жер учаскесін алып қоймақ. Бұл ретте облыс әкімдігі ОӨК-ның жай ғана аумақ емес, бұл мүгедектігі бар адамдардың мүмкіндіктеріне бейімделген ұйымдардың тұтас кешені екенін елемей отыр!

Қазір жергілікті атқарушы органдар тарихи ғимаратты жермен жексен етіп, сол арқылы ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қамтамасыз ету үшін арнайы құрылған инфрақұрылым мен логистика жүйесін бұзуды ұсынады. Кәсіпорында жұмыс істейтін зағип адамдар үшін бұл барып тұрған апат! Зағип және нашар көретіндерге арналған ОӨК кешенінің жанында өз қызметкерлері тұратын үйлер орналасқан - зағип адамдар, олардың отбасыларындағы балаларға арналған балабақша, демалыс (клуб және кітапхана) және жол инфрақұрылымы (дыбыс вибрациялық модульдермен жабдықталған бағдаршамдар, тактильді жолдар және т.б.).

Өтемақы ретінде ОӨК-ға қаланың шетінде орналасқан апаттық ғимараттарды ұсынуда, бұл өз-өзінен арсыздық әрекет секілді көрінеді. Зағип және нашар көретін жұмысшылардың ол жаққа қалай баратыны шенеуніктерді қызықтырмайды. Әрине, қазір әкімдік өз есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көлікті қамтамасыз етуге ант-су ішуге дайын, алайда ғимарат бұзылғаннан кейін барлық уәделердің ұмыт қалуы әбден мүмкін. Кәсіпорыннан айырылған мүгедектер тек табыс табу мүмкіндігінен ғана емес, сондай-ақ оңалту және әлеуметтену мүмкіндігінен де айырылатыны ешбір шенеунікті алаңдатып отырған жоқ.

Осы орайда, «Барлық жағдайы жолға қойылған және нақты жұмыс істеп тұрған жүйенің орнында "көшпелі мектеп" салу мәселесі қалай шешілді?» деген сұрақ туындайды. «Қазақ соқырлар қоғамының» жерін тартып алмай-ақ, бүкіл Павлодардан басқа бос аумақ табылмады ма? Бұл ретте қалада жер тапшылығы байқалмайды. Қазақстан Халық партиясы атынан Мәжіліс депутаты, Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан бұл мәселені оңай тексерді және санаулы минуттардың ішінде жергілікті газеттен көлемі 3 гектар бос жер телімін тапты.

Павлодарлық шенеуніктерге мектеп салу үшін ешкімнің құқығына нұқсан келтірмей, бос аумақты таңдауға не кедергі болды? Неліктен Павлодар қаласының жер ресурстарын оңтайлы пайдалана отырып, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін жүйелік нысандарды, оның ішінде әлеуметтік осал азаматтарды нәпәқасынан айырмай-ақ, бос тұрған учаскеде мектеп салуға болмайды? Жалпы білім беретін мекемелер құрылысының маңыздылығын ешкім де жоққа шығармайды, бірақ неліктен бұл ел бюджетін қаржымен толтырып отырған кәсіпорындар есебінен немесе мүгедектігі бар адамдар есебінен жасалуы тиіс?!

Қазақстанның Халық партиясы үшінші тұлғалардың және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндей етіп, осы мәселенің ең қолайлы шешімін табуды ұсынады.

Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

И. Сұңкар

Г. Танашева