Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
бірінші орынбасары
Р.В. Склярға
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Роман Васильевич!
Сіздерге мұнай өнімдерінің резервтерін құру және ресейлік өндірістің дизель отынын импорттауды жүзеге асыру мәселелері бойынша депутаттық сауал жолдаймыз.
2022 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі отын тапшылығының алдын алу үшін аграрлық жұмыс маусымында мұнай өнімдері қорын қалыптастыру қажеттігі туралы хабарлады. Биыл олар «ҚазМұнайГаз» ҰК базасында шамамен 150 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резервін құруды, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» базасында дизель отынының 50 мың тоннаға дейінгі көлемін сақтау қуатын пайдалануды жоспарлады
2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі Б.Ақшолақов биыл қыркүйек-қазан айларында ресейлік дизель отынын импорттау жоспары туралы ақпарат берді.
Оның сөзінше: «…«Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК 2022 жылдың қыркүйек және қазан айларында дизель отынының қажетті көлемін импорттау бойынша келісімшартқа қол қойды. Екі партияның көлемі – 100 мың тоннаға дейін жетеді. Бұл көлем Ресей Федерациясынан келеді. Бізде мұндай мөлшерде дизель отынының жеткізушісі жоқ. Мұның барлығы индикативті баланс шеңберіне кіреді. Жөнелту басталды, «ҚазМұнайГаз» ҰК бұл іспен тікелей айналысады. Қазір біз импорттың бірінші партиясын күтіп отырмыз».
Жоғарыда көрсетілгенге байланысты және импорттық отынды сатып алуға жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және акционерлері «Самұрық-Қазына» қоры мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылатын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қатысатынын ескере отырып, біз мынадай мәселелерге түсініктеме беруді сұраймыз:
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
А. Қоңыров
М. Магеррамов
Ж. Ахметбеков
Ғ. Құлахметов
А. Милютин
Г. Нұғманова
А. Паяев
А. Сқақова
Е. Смайлов
И. Смирнова
14.09.2022 ж. жарияланды