Қазақстан Республикасындағы балалардың кедейлігін жою жолдары туралы

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Ә.А.Смайловқа

                                            ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

                                      Құрметті Әлихан Асханұлы!

Президент 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Бұл балаларға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін маңызды. Конституцияға жер және жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар әлемі және басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені туралы өзгеріс енгізілді. Бұл дегеніміз, осы табиғи байлықтардан түсетін ұлттық табыс қоғамның барлық салаларына, ең алдымен біздің қоғамның болашағы болып табылатын оның ең осал бөлігі – балаларға әділ бөлінуі керек.

Жәрдемақы түріндегі қолдауың маңызы зор. Ол негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл шара балалық шақты әлеуметтік қорғаудың жалғыз және жеткілікті шарасы емес. Қазіргі халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, еліміздің болашағын – балалардың болашағын дамыту – адам капиталына салынған ұзақмерзімді инвестиция.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы бұл мәселені Үкіметте бірнеше рет көтерді, ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша қазақстандық балалардың 15,6% - ы табысы ең төмен отбасыларда тұрады. Бұл шамамен 1 млн. бала немесе Қазақстандағы әрбір алтыншы бала кедейшілікте өмір сүреді деген сөз. Президенттің бастамасымен балалар жылында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарламаның басталуы маңызды. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% -ын 18 жасқа толғанға дейін балалардың арнайы жинақтау шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аудару ұсынылды. Өкінішке қарай, әзірше, Үкіметте балалардың әлеуметтік жағдайын түбегейлі жақсартуға қатысты жобаны жүзеге асырудың стратегиялық тәсілі жоқ.

Бүгінгі таңда Үкіметтің басты міндеті – балалардың кедейлігін жою. Сонымен қатар, халықтың нақты табысының төмендеуі, бірінші кезектегі тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, спорттық, мәдени, ғылыми-техникалық секциялар мен үйірмелер түріндегі балаларды дамытудың сапалы және қолжетімді инфрақұрылымының болмауы елдің барлық балаларының – көпбалалы, толық емес және толы отбасылардың жан-жақты дамуына кедергі келтіреді.

Балалар даму үшін жақсы жағдайдың орнауын күте алмайды. Балалардың өз әлеуетін дамытуға, отбасына көмектесуге мүмкіндігі жоқ. Балалық шақ бірегей кезең, болашақта табысқа жетудің негізі қаланатын мүмкіндіктер кезеңі немесе керісінше, ересек өмірде жағымсыз салдарға тап қылатын уақыт. Біз болашақта балалардан мықты дәрігерлердің, спортшылардың және ғалымдардың бейімін көре алмауымыз мүмкін.

Бүгінгі таңда адам капиталына инвестициялардың жаңа моделі қажет, атап айтқанда балалық шақты ұзақ мерзімді кезеңге орта есеппен 20 жылға дамыту. 18 жасқа дейінгі барлық балаларға шартсыз ай сайын әмбебап жәрдемақы енгізумен қатар сапалы білімге және сапалы денсаулық сақтауға қол жеткізуге негізделген балалық шақ инфрақұрылымымен толықтыру маңызды.

Бұл ата-аналар мен мемлекет балаларға уақыт пен ақша инвестициялай алған жағдайда инвестиция болып табылатын модель. Балалық шақ пен адам капиталына салынған инвестицияларды қарастыру аналарды қолдауға салынған инвестициямен қоса алғанда мағыналы болады.

Елімізде балаларды дамыту үшін «Артспорт» бағдарламасы іске қосылды. Алайда оны жүзеге Бүгінде елімізде балаларды дамыту бойынша жүйелі шаралар қажет. Ана мен баланы дамытуға инвестиция салу бойынша қабылданған шешімдер елге 20 жылдан кейін орасан зор экономикалық әсер береді.

Қазақстан Халық партиясының депутаттары ұсынады:

  1. Ана мен баланы дамытуды ұлттық басымдық деп жариялауды, «Ана мен баланы дамытуға инвестициялар» атты ұлттық жоба қабылдауды;
  2. Бала күтімі мерзімін 3 жылға дейін ұзартуды;
  3. Барлық балаларды қолдау ретінде 18 жасқа дейін әмбебап балалар жәрдемақысын енгізуді;
  4. Баланың өмірлік, физиологиялық, білім беру, әлеуметтік, мәдени және басқа қажеттіліктеріне нақты жауап беретін балалар тұтыну себетін әзірлеуді және енгізуді;

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

  • А. Сқақова
  • М. Магеррамов
  • Е. Смайлов
  • Г. Нұғманова
  • А. Қоңыров
  • Ж. Ахметбеков
  • Ғ. Құлахметов
  • А. Милютин
  • А. Паяев
  • И. Смирнова

12.10. 2022 ж. жарияланды