Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ғ.Ғиниятқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Ажар Ғиниятқызы!
Стационарды алмастыратын технологияларды дамыту шеңберінде халықаралық және отандық медициналық практика нутритивтік және респираторлық қолдауды тек стационарлық қана емес, сонымен қатар үйде нейромаскулярлық және басқа да сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарға, сондай-ақ палиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге қолданудың орындылығы мен тиімділігін көрсетеді.
Емдеудің барлық кезеңдерінде мұндай қолдау пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен сапасын жақсартуға, оларды емдеу нәтижесін жақсартуға, сондай-ақ ауруханаға жатқызу жиілігін және стационарда болу мерзімін азайтуға мүмкіндік береді.
Тыныс алуды қолдау және үйдегі паллиативті көмек – бұл бүкіл әлемде жаңа, қарқынды дамып келе жатқан бағыт. Оның экономикалық орындылығы расталды. Сонымен қатар емдеудің бұл тәсілі оң әлеуметтік әсерге ие, науқасты отбасына қайтарады, пациенттің өз-өзіне деген сенімін күшейтеді, психологиялық әл-ауқатты жақсартады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты Үкіметке қолданыстағы нормативтік базаға, клиникалық хаттамаларға және басқа да реттеуші құжаттарға түзету әзірлеуді ұсынамыз, тамақтану жеткіліксіздігі бар пациенттердің жоғарыда аталған санатын үйде тамақтану үшін мамандандырылған емдік энтеральді тамақ өнімдері мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен (жабдықтар, шығыс материалдары) тегін қамтамасыз ету және тамақтануды қолдаудың гастростома үлгісіндегі заманауи пункциялық технологияларын енгізу қажет.
Тыныс алу жеткіліксіздігі бар пациенттерге үйде тыныс алуға қолдау көрсету үшін медициналық жабдықпен және керек-жарақпен қамтамасыз ету тағайындалуы тиіс.
Денсаулық сақтау министрлігіне жүйке-бұлшықет және басқа да сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарға, сондай-ақ паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерге үйде емдік тамақтану мен тыныс алуды қолдаудың қолжетімділігін арттыру мәселелерін шешу үшін медицина мамандары мен пациенттік ұйымдардың қатысуымен жұмыс тобын құруды ұсынамыз.
Денсаулық сақтау министрлігінің назарын пациент-балалармен ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық жұмысқа аударамыз. Мұндай жұмысты жақсарту үшін денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының ересектерге арналған паллиативтік медициналық көмек жөніндегі штаттан тыс маманынан басқа, паллиативтік медициналық көмек бойынша штаттан тыс балалар маманын тағайындау керек деп санаймыз.
Паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттермен ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық жұмысты оңтайландыру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ересектерге паллиативтік медициналық көмек жөніндегі бас штаттан тыс маманына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының паллиативтік медициналық көмек жөніндегі бас штаттан тыс маманы тағайындалсын.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
26.10.2022 ж. жарияланды