Қазақстанда мемлекеттік алименттік қор құрудың қажеттілігі туралы

dep.jpg

ҚР Премьер-Министрі

О.А.Бектеновке

                                        ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС
                                    Құрметті Олжас Абайұлы!

Қазақстан Халық партиясына ортақ балаларының әкелерінен алимент өндіріп ала алмай жүрген әйелдерден көптеген өтініштер келіп түсуде. 2022 жылы алимент бойынша берешек 13 793 780 739 теңге болса, 2023 жылы бұл берешек 20 796 615 823 теңгеге жеткен. 2024 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша алимент өндіруге бағытталған сегіз мыңнан астам сот шешімі мүлде орындалмайды.

Осы өткiр әлеуметтiк проблеманы шешу жөнiндегi барлық күш-жiгер нәтиже бермеді. «Алимент төлеу жөніндегі отыз қадам» бағдарламасы тиімсіз, Сот орындаушыларының республикалық палатасы қабылдаған шаралар орынсыз болып отыр.

Біздің партия бұл мәселе бойынша бірінші рет алтыншы шақырылымда мәселе көтерген болатын, ол кезде қарыз небәрі екі миллиард теңге еді. Бүгінгі таңда қарыздар, жоғарыда айтып өткеніміздей, 20 796 615 823 теңгеге тең.

Сондықтан да, Сізге тағы да бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселенің шешімін табу мақсатында, алименттік төлемдерді қажет ететін балалардың мүдделерін нақты қорғауға бағытталған ұсыныстарымызды жолдаймыз:

  1. Алимент өндіріп алынған кезде өндіріп алу сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс.
  2. Негiзгi мақсаты үш айдан астам уақыт бойы алимент алмайтын балаларға алимент төлеу болып табылатын бюджеттiк түсiмдерден тыс қалыптасатын Мемлекеттiк алименттiк қор құру. Жүргізілетін төлемдерді мемлекетке өтеу осы сомаларды алимент төлемей жүргендерден өндіріп алу жолымен жүзеге асырылатын болады.

Жаңа Үкімет біздің ұсыныстарымызға да, балаларымыздың тағдырына да түсіністікпен қарайды және жоғарыда аталған мәселелер бойынша пәрменді шаралар қабылдайды деп үміттенемін.

Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

К. Сейтжан

И. Сұңкар

Г. Танашева