ҚР Премьер-министрінің орынбасары
Е.Б. Көшербаевқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Ермек Беделбайұлы!
Мектептер – елдің бүгіні мен болашағы үшін аса маңызды рөл атқарады. Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ел бойынша 1300-ге жуық мектептің күрделі жөндеуді қажет ететінін атап өтті. Олардың 1164-і жаңғыртудан өтеді, оның 54%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Барлық мемлекеттік мектеп қазақстандық салық төлеушілердің қаражаты есебінен, республикалық бюджеттен салынады.
Бір ғана жайлы мектептер салуға 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінген.
Жаңадан салынып жатқан және жөндеуден өтіп жатқан барлық мектептің сапасы жоғары болатынына сенгіміз келеді. Дегенмен, елімізде 7 мыңнан астам мектеп бар, және олар да үнемі жөндеуді және күтімді қажет етеді. Жергілікті атқарушы органдардың мектеп ғимараттарына немқұрайлы қарауына нақты мысал келтірейін. Атыраудағы №30 мектеп салыстырмалы түрде жақында ғана – 2002 жылы салынған.
2018 жылы мектептің шатыры толықтай тозып, су тамшылай бастады, бірақ ғимараттың жалпы жағдайы жақсы еді. Алайда, шатырды жөндеуге қаржы бөлінбеді.
2022 жылы мектеп жабылып, оқушылар басқа мектептерге орналастырылды. Осылайша үш жылдан бері олар әр түрлі мектепте білім алып жатыр.
2023 жылы мектеп ғимараты апатты деп танылды, ал 2024 жылдың сәуірінде Атырау әкімдігі оны бұзып, орнына жаңа мектеп салу туралы шешім қабылдады.
Бұл – бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың айқын мысалы.
Осыған юайланысты Қазақстан Халық партиясы мынадай шараларды қабылдауды қажет деп санайды:
Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
М. Магеррамов
И. Смирнова
А.Нұралин
К. Сейтжан
И. Сұңкар