Қазақстандағы білім беру және сауат ашу мәселелері туралы

dep.jpg

ҚР Премьер-Министрі Ә.А.Смайловқа

                                        ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС
                                    Құрметті Әлихан Асханұлы!

Жалпы білім беру сапасының мониторингін жүргізетін PISA халықаралық зерттеуі, «15 жастағы оқушылардың қазіргі қоғамда толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті білімі мен іскерлігі жете ме, яғни адами қызметтің, қарым-қатынастың, әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларындағы міндеттердің кең ауқымын шешу» деген сұраққа жауап береді. Бағдарлама әр түрлі елдердің білім беру жүйелерінде болып жатқан өзгерістерді анықтауға және салыстыруға, білім беру саласындағы стратегиялық шешімдердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны Экономикалық Ынтамақтастық және Даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүзеге асырады.

Біздің еліміздегі зерттеуге қатысушы барлық оқушылар мектепте «НИ Мектептер» тарататын жаңартулар бойынша оқыды. Бұл бағдарлама соңғы жылдары ілгерілетілген реформаларға дәл сәйкес келеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, реформа жүргізуші авторлар зерттеу нәтижелері бойынша жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 23 балға, математикалық сауаттылық бойынша 2 балға өскенін, оқырмандар сауаттылығы бойынша 1 балға төмендегені байқалғанын атап өтті.

Оң нәтижелерге қарамастан, шынайы жағдайға қысқа талдау жасағымыз келеді.

2022 жылғы зерттеуге 81 ел қатысты. Олардың 8-і алғаш рет қатысып отыр.

Қазақстанның барлық бағыттардағы көрсеткіші ЭЫДҰ бойынша орташа балдан төмен болып шықты. Математика бойынша Қазақстан 81елдің ішінде 46-орында тұр, бұл 425 балл.

«Қазақстандық оқушылардың шамамен 2% -ы математикадан үздік нәтиже көрсетті, яғни PISA тестінің нәтижесі бойынша 5-ші немесе 6-шы деңгейді алды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш: 9%). Азиядағы экономикасы дамыған алты елдің студенттері ең жоғары нәтиже көрсетті: Сингапур (41%), Тайбэй (ҚХР) (32%), Макао (ҚХР) (29%), Гонконг (ҚХР) * (27%), Жапония (23%) және Корея (23%). Бұл деңгейлерде оқушылар күрделі жағдайларды математикалық үлгілей алады, сондай-ақ оларды шешу үшін проблемаларды шешудің қолайлы стратегияларын таңдай алады, салыстыра алады және бағалай алады.

Математикадан функционалдық сауатсыз оқушылардың үлесі - 48%. ЭЫДҰ-да мұндай оқушылардың кқрсеткіші - 31% . Математикалық сауаттылық бойынша бізбен қатар зерттеуге алғаш рет қатысып отырған Моңғолия тұр! Нәтижелер бойынша, бір кездері білім беру жүйесі біздің елмен бірдей болған Украина, Вьетнам, Литва, Латвия арасынан Эстония оқ бойы алға кеткен. Бұл ел Финляндияны да басып озып, 7-орынға тұрақтаған. Ал ең көп балл жинаған Сингапур елі. Оның 574 балы бар. Ал бұл біздің оқушылардан 150 балға артық! Оқырмандар сауаттылығы бойынша Қазақстан 386 балл жинап, 81елдің ішінде 61-орында тұр.

Қазақстан осы бағытқа баса назар аудару туралы ұсыныс алды. Оқушылардың тек 1% ғана оқудан 5 және одан жоғары деңгейді жинады. Олар ұзын мәтіндерді түсінуі, абстрактілі немесе интуицияға қайшы келетін түсініктермен айналысуы және пікірлер мен фактілер арасындағы айырмашылықтарды анықтауы мүмкін. ЭЫДҰ орташа көрсеткіші 74% болғанда, біздің оқушылардың тек 36%-і 2-ші және одан жоғары деңгейге жетті. 64% оқушы оқу бойынша функционалдық сауатсыз деп танылды.

Оқырмандар сауаттылығы бойынша 1-ші орында 543 ұпаймен тағы да Сингапур тұр. Эстония 511 ұпаймен 6-орында. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша біздің оқушылар 423 ұпаймен 49-орында. Эстония 6-орында және бұрындары білім беру жүйесі бізбен бірдей болған елдердің бәрі біздің алдымызда тұр.

Жалпы баллды 23 позицияға көтеру кезінде оқушылардың тек 1% -ы ғана жаратылыстану ғылымдары саласында үздік нәтиже көрсетті. Олар ғылым туралы өз білімдерін әртүрлі жағдайларда шығармашылық және дербес қолдана алады. ЭЫДҰ-да мұндай балалар 7%. Оқушылардың 45%-і 2 деңгейге де жеткен жоқ және жаратылыстану ғылымдары бойынша функционалдық сауатсыз деп танылуы мүмкін.

Зерттеуге алғаш қатысып отырған монғол оқушылары біздің қатысушыларымызды барлық бағыттар бойынша қуып жетіп отыр.

Осылайша, Білім министрлігінің PISA зерттеуінің қорытындысы бойынша топ-50-ге кіру туралы салтанатты мәлімдемесін қайталау ыңғайсыз екенін түсініп отырған шығарсыз.

Зерттеу барлық өңірлердің оқушылары үшін жүргізілетін болғандықтан, енді ел ішіндегі жағдай туралы қысқаша айтып өтсек.

Алматының оқушылары үздік нәтижелер көрсетуде. Оларда математика пәнінен 453 балл, оқу пәнінен 423 балл және жаратылыстану ғылымынан 458 балл жинаған. Сонымен қатар, Түркістан облысы сәйкесінше 389, 347 және 389 балл жинап, алматылық оқушылардан математикадан 64 балға, оқудан 76 балға және жаратылыстану ғылымдарынан 69 балға төмен нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, 30-40 балл бір оқу жылына теңестіріледі. Яғни Түркістан облысының оқушылары білім сапасы бойынша алматылық құрдастарынан 1,5-2 жылға артта қалуда. Осылайша, Алматы, Астана, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының 15 жастағы жасөспірімдері ең жоғары нәтиже көрсетсе, Қызылорда, Алматы, Атырау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы ең нашар деңгей байқатты.

Айта кету керек, еліміздің ешбір өңірі бірде-бір бағыт бойынша ЭЫДҰ-ның орташа көрсеткіштерінің шегінен өте алмады.

Бұл нәтижелер бізді мектептегі білім беру реформаларының дұрыстығына күмән туғызады және алаңдатады. Бұл туралы ел жұртшылығы үнемі мәлімдеп отыр.

Елдегі білім беру туралы шенеуніктер мен реформа авторларының шындықтан алшақ мәлімдемелеріне тиісті баға беріп, мән-жайды толық зерделеу қажет.

Қазақстан Халық партиясы:

1) Білім беруде реформаларды енгізуді және олардың жалғасуының оңтайлылығын бағалау мақсатында PISA зерттеулерінің және білім беру саласындағы басқа да зерттеулердің нәтижелерін объективті түрде өте шұғыл зерделеу қажет деп есептейді.

Білім беру жағдайын нақты бағалау үшін тәуелсіз жұмыс тобын құруды ұсынамыз.

2) Тәуелсiз бақылауды қамтамасыз ету үшiн Бiлiм берудегi сапа жөнiндегi комитет Бiлiм министрлiгiнiң құрамынан шығарылып, кем дегенде Премьер-Министрдiң бағыныстылығына өткізілсін.

Қазақстан Халық партиясы фракция мүшелері:

И. Смирнова

М. Магеррамов

К. Сейтжан

И. Сұңкар

Г. Танашева