Қазақстан Республикасы
Премьер-министрдің орынбасары
– сауда және интеграция министрі
С.М. Жұманғаринге
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Серік Мақашұлы!
Әрбір адам сөзсіз, тауарларлар мен қызметтердің тұтынушысы болып табылады. Өз өмір жолында азаматтар көптеген заттарға ие болғанымен, алайда, өкінішке орай олардың басым көпшілігі көңілімізден шыға бермейді.
Қазақстандықтардың тұтынушылық құқықтары күн сайын және барлық жерде бұзылуы мүмкін. Бүгінгі таңда халық өзінің тұтынушылық қорғалу деңгейіне толық қанағаттанбайды.
Жыл сайын тауарлар мен қызметтердің сапасыздығына шағымдар саны артып келеді. Сондай-ақ, «Қазақстан Халық партиясы» партиясының атына да ел тұрғындарынан бұл жағдайды көтеретін хаттар аз емес.
Ұлттық заңнаманың шегінде, дереу түрде қауіпті өнімдерді қазақстандық нарығынан арылтудың екі жедел ден қою шараларын айта аламыз, оларға:
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық тұтыну нарығының және ел азаматтарының өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің бірден бір кепілі болып табылатын, сынақ зертханалары жоқ. Бұл тек бір аймақтың мәселесі ғана емес, бұл республика бойынша кездесетін мәселелердің бірі деп те айта аламыз.
Осыған байланысты, Қазақстандағы сынақ зертханаларымен сұрақты шешу мақсатында Сізден, құрметті Серік Мақашұлы, осы мәселені шешу мүмкіндігін қарастыра отырып, мемлекет бойынша келесі бағыттардағы сынақ зертханаларының бар-жоқтығы туралы толық ақпаратты ұсынуыңызды сұраймыз, оларға:
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депуттары
11.01.2023 ж. жарияланды