"Қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын бұзу туралы"

dep.jpg

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

Ұлттық экономика министрі

Н.С.Байбазаровқа

                                        ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС
                                    Құрметті Нұрлан Серікұлы!

Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын бұзу жағдайлары жиілеп кетті.

Дүкендерде азаматтар кәсіпкерлердің тауарға қолма-қол ақша төлеу туралы талаптарына тап болады, нәтижесінде тауардың құны төмендейді. Қолма-қол ақшасыз тәсілмен төленген жағдайда тауардың құны қандай да бір пайызға өсіп кетеді.

Тұрмыстық техниканы сату дүкендерінде сатып алынатын тауарларға кепілдіктер жүктеледі. Бұл кепілдіктерді жеке төлем арқылы сатып алуға мәжбүрлейді, бұл түбегейлі заңсыз, әрі негізсіз болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарға ұқсас, Қазақстан қалаларының автосалондарында тауарды сатып алу тәсіліне байланысты оның бағасын өзгертеді, егер қолма-қол ақшаға немесе несиеге алынған автомобильге бір баға ұсынылса, ал бөліп төлеу тәсілімен алынған сол автомобильдің бағасы 30 пайызға ұлғайып кетеді. Бұл ретте бөліп төлеу мен несие ұғымдарының орны ауысып кетеді. Осылайша, бөліп төлеу тұтынушыға тауарды бірнеше ай бойы қосымша пайызсыз тең төлемдермен төлеуге мүмкіндік береді. Несие клиенттің ақшаны пайдаланғаны үшін проценттерді төлеу шартымен банктің ақша қаражатын беруін көздейді. Алайда, тауар бағасымен қолданылатын айла-шарғы ақыр соңында банктің пайыздарын авто бағасына алдын ала қосу арқылы банктің мүддесі ғана қорғалуына әкеледі, бұл шын мәнінде бөліп төлеу емес, сол несие болып табылады.

Сонымен бiрге, автонесиелеу шеңберiнде банктер көбiрек пайда табу үшiн өздері мүдделi сақтандыру компаниялары арқылы сатып алынатын автомобильдердi мәжбүрлеп сақтандыру жүктеледі. Мысалы, автокөлікті үш жылға сақтандыру тұтынушыға миллион теңгеге айналады, ол қарыздың барлық кезеңінде пайыздық үстемемен қайтарылуы тиіс.

Осы айтылғандар жария шарт туралы азаматтық заңнама нормаларын өрескел бұзудың мысалы болып табылады, яғни, заңнамаға сәйкес тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу кезінде тәсіліне қарай олардың бағасын өзгертуге жол берілмейді. Оның үстіне, тауарларға кепілдіктер үшін қосымша ақы төлету және несиелік қаражат есебінен сатып алынатын автомобильдерді қасымша ақшаға сақтандыру заңсыз болып табылады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде депутаттық сауалдың әрбір тармағы бойынша кәсіпкерлердің азаматтық заңнама талаптарын бұзуын тексеруді және белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

И. Сұңкар

Г. Танашева