Балалар үйінің түлектеріне арналған тұрғын үй жеңілдіктері туралы

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

А.С. Көлгіновке

                                   ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

                            Құрметті Алтай Сейдірұлы!

Қазақстанда өкінішке орай, жетімдік мәселесі соңғы екі онжылдықта өзектендірілді және қоғамарасы пікірталас тақырыбына айналды. Бүгінгі таңда, елімізде ересектердің қамқорлығынсыз қалған он мыңдаған жетім бала бар. Бұндай жағдайда біз бұл әлеуметтік дертпен тиімді түрде күресуіміз қажет.

Жетімдіктің салдары әртүрлі, бірақ олардың адам жан дүниесінде өшпес із қалдыруды. Осылайша, жетімдік, атап айтқанда әлеуметтік жетімдік, ақиқат және әлеуметтік құбылыс ретінде Қазақстанның дамуы үшін өзекті мәселе. Бірі даусыз: жетімдік мәселесін шешу үшін қоғамның руханилығы мен жоғары гуманизмін жандандыру қажет, онсыз Қазақстанның болашағы бұлыңғыр!

Еліміздің заңнамасына сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жалға тұрғын үй алуға бірінші кезектегі қажеттілігі бар тұлғалар қатарына кіреді. Берілетін тұрғын үй бір адамға кемінде 15 шаршы метр болуы тиіс. Алайда, бүгінгі таңда, көптеген балалар үйлерінің түлектері баспанасыз жүр.

18 жастан асқан жетім балаларды жұмысқа орналастыру, оларды баспанамен қамту және тамақтандыру мәселесі қараусыз қалуда. Өкінішке орай, көп жағдайда әрбір мемлекеттік орган әлеуметтік мәселелердің шешімін тек өз аспектісінде ғана көреді. Бұл балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бірінші мәселе болып қала беруде.

Қараусыз қалу салдарынан олардың құқық бұзушылық жасауының немесе біреудің теріс әсеріне ұшырауының қаупі артады. Ең ауыр мәселе болып, балалар үйінен шыққан, бірақ жатақхана ие болмаған және оқуға түсе алмаған түлектерді тіркеу табылады.

Бүгінде депутаттар мен жергілікті атқарушы органдарға жетім балалардан көптеген хаттар мен өтініштер келіп түсуде. Балаларды қорғау үшін қажетті заңдар қабылданғанымен, іс жүзінде балалар үйінің түлектері баспанасыз, далада қараусыз жүруін жалғастыруда.

Біз еліміздегі жетімдік мәселесін қолға алуымыз керек және оны шешу үшін Сізден, құрметті Алтай Сейдірұлы, бізге келесі ақпаратты беруіңізді сұраймыз:

  • облыстар бөлінісінде соңғы 5 жыл ішіндегі балалар үйлері түлектерінің саны жөнінде;
  • жалпы орта білім (9-дан - 11-сыныпқа дейін), кәсіптік орта білім (техникум, колледж) және жоғары білім алғандар саны жөнінде;
  • соңғы 5 жылда тұрғын үй алғандар саны жөнінде; Сондай-ақ, келесі мәселелерді қарастыруыңызды сұраймыз: -18 жастан асқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бірыңғай деректер базасын құру; -18 жастан 29 жасқа дейінгі жетім балаларды бақылауды (интернаттан кейінгі сүйемелдеу) Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға жүктеу; -жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кешенді жоспарын әзірлеу. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімдерде жазбаша түрде жауап беруіңізді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депуттары:

  • Г. Нұғманова

  • Ж. Ахметбеков

  • А. Қоңыров

  • Ғ. Құлахметов

  • Д. Легкий

  • А. Милютин

  • М. Магераммов

  • А. Сқақова

  • Е. Смайлов

  • И. Смирнова

28.12.2022 ж. жарияланды