Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі
А. Ғ. Ғиниятқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Ажар Ғиниятқызы!
Бізге фракцияға ауыр, емделмейтін аурулары бар және паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж балалардың ата-аналары бірнеше рет көмек сұрап жүгінді. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, кішкентай науқастар үшін ауырсынуды жеңілдетуге қол жете бермейді. Елде ауруды жеңілдететін дәрі-дәрмектерге қол жеткізу шектеулі, мәселен; үйде паллиативтік көмек көрсететін хоспистер, бригадалар, тіпті жай ғана стационарлық паллиативтік төсек-орындар жеткіліксіз. Көмек көрсете алмаған емдеу мекемелері науқастарды үйлеріне шығарып жіберуге тырысуда. Соның салдарынан балалар мен олардың ата-аналары біраз азапта қалады. Балалар - физикалық, ата-аналар – моральдық тұрғыда қиналады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) паллиативтік көмекті пациенттің азап шегуінің алдын алу және жеңілдету ретінде қарастырады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 126-бабында паллиативтік көмек, ауыр және емделмейтін дерті бар пациенттердің, сондай-ақ олардың отбасылары мен қамқоршыларының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, медициналық, арнаулы әлеуметтік қызметтер мен рухани қолдауды қамтитын «қызметтер кешені» ретінде айқындалған. 2020 жылы Қазақстанда паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілді. Бірақ мұның бәрі, өкінішке қарай іс жүзінде орындалмайды.
2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 107-ден 135 мыңға дейін адам паллиативтік көмекке мұқтаж. Қолдау қызметтері, кем дегенде, ішінара ересектер үшін ұйымдастырылғанымен, ол балаларға (1906 паллиативтік төсек саны) қол жетімді болмай тұр.
Қазір елімізде 6 мыңға жуық бала паллиативті қолдауға мұқтаж, бұл тек ресми мәліметтерге сәйкес, демек, олардың қатары екі есеге көп болуы да ықтимал. Стандартта балалларға арналған кемі 10 жолдан тұратын тарау бар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген балаларға паллиативтік көмекті дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасы бар, алайда бұл салада нәтижелі өзгерістер аз.
Өркениетті елдерде жағдай басқаша. Мысалы, Польшада паллиативтік көмек денсаулық сақтаудың жеке бағыты болып табылады, оны қаржыландыру бюджет есебінен жүзеге асырылады. Голландияда 200-ге жуық паллиативтік көмек ұйымдары бар, олардың мемлекеттік қаржыландыру деңгейі жоғары. Біздің елде жас пациенттерге көмек ұйымдастыру бағыты қайырымдылық негізде бар, бірақ балаларды қолдауға және паллиативтік көмек жүйесін дамытуға үлкен үлес қосатын, негізінен ҮЕҰ. Мысалы, «Балаларға паллиативтік көмек көрсету жөніндегі халықаралық ұйымға» «Қазақстанның балаларына паллиативтік көмек көрсету қауымдастығы» мүше. Қазіргі уақытта ол Қарағанды қаласының медициналық университеттерімен бірлесіп, паллиативтік көмек критерийлерін, сондай-ақ «Ауруына байланысты өмір сүру мерзімі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау» бағдарламасын әзірлеуде. Алайда, ҮЕҰ қажеттінің бәрін толық қамтамасыз ете алмайды, кейде жабылудың алдында тұрады. Бюджетте балаларға паллиативтік көмек көрсетуге байланысты шығынды есепке алатын баптар қарастырылмағандықтан, олар мемлекеттік қолдауға ие бола алмайды.
Паллиативтік емдеу үшін үйге шығарылған балаларды II және III деңгейдегі ауырсынуды басатын дәрілермен қамтамасыз ету бөлек мәселе болып отыр, өйткені бұл препараттар тек стационарда ғана. Мұндай балалардың ауырсынуды басатын дәрілерсіз өмір сүруі өте қиын. Сондықтан БҰҰ ұсынған паллиативтік көмек көрсетпеу азаптаумен бірдей екенін біздің шенеуніктердің есіне салғым келеді.
Қазақстан Халық партиясының фракциясы келесіні ұсынады:
1) Балалар мен ересектердегі паллиативтік көмек көрсету тәсілдерінің психологиялық жас ерекшелігін, аурудың айырмашылығын ескере отырып, жеке педиатриялық стандарт ретінде «Балаларға паллиативтік көмек көрсету тәртібін» жеке дара көрсету қажет.
2) Біз балаларға паллиативтік көмекті дамытудың іргелі шарты ретінде осындай көмек көрсетудің критерийлерін, жеке клиникалық хаттамаларды және т.б әзірлеу керек деп санаймыз. Паллиативті балалардың реестрін құру. Балалардың паллиативтік жағдайын анықтау үшін арнайы медициналық комиссия құру
2) Балаларға паллиативтік көмекті дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасының мерзімін ұзарту және оның тиімділігін арттыру қажет.
3) Пациенттерді емдеу және асқынулардың алдын алудың заманауи әдістерін қамтамасыз ету үшін отандық медицина өнеркәсібін химия-фармацевтика және медициналық-аспаптық бағытта дамытуды бастау керек. Атап айтқанда, гастростомия, трахеостомия, құрысуға қарсы терапияға арналған диазепамдық микроклизмалар және т.б заманауи медициналық бұйымдар қажет.
4) Балаларға арналған есірткілік анальгетиктерді қолдану мен өндіруді кеңейту мәселесін қарастыру қажет. (балаларға арналған дозалау пластырлері, пероралды формалар және т.б.)
5) Тамақтануды қолдау саласында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін кеңейту. Қазір 5-6 күндік мамандандырылған азық-түліктің бір пакеті 7-45 мың теңге аралығында
6) Паллиативті балаларға арналған дәрілік, техникалық және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін кеңейту.
7) Балаларға паллиативтік көмек көрсету инфрақұрылымын құру: өңірлерде мультидисциплинарлық топтар желісін дамыту, халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықталған көмек көрсету орталықтарын құру, қашықтықтан паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру
8) Паллиативтік көмек көрсету үшін педиатрларды оқыту жүйесін әзірлеу
9) Балаларға паллиативтік көмек көрсету жүйесін тек медицина қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және т.б. жүргізу. Олардың қызметі, сондай-ақ, науқас баланың жақын туыстарына (ата-анасына, аға-інілері мен апа-сіңлілеріне) психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетумен қатар нормативтер мен бюджеттерге енгізілуі қажет.
10) «Ауруына байланысты өмір сүру ұзақтығы шектеулі балалардың құқықтарын қорғау» бағдарламасын қолдау және паллиативтік статусы бар балалардың құқықтарын қорғау.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
Г. Танашева
М. Магеррамов
И. Смирнова
Қ. Сейітжан
И. Сұңқар
21.06.2023 ж. жарияланды