Қазақстан Республикасының
Премьер-министрінің орынбасары
Т.Б.Дүйсеноваға
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Тамара Босымбекқызы!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында: «Əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» делінген.
Бүгінде елімізде бұл құқығынан өз еркінен тыс, яғни, отбасылық жағдайларға байланысты айырылған азаматтар бар. Олар елшілер мен шекарашылардың жұбайлары.
Елшілердің жұбайлары шетелдік мекемеде бос әкімшілік-техникалық лауазымдарда ғана жұмыс істеуге құқылы. Ал ондай бос орындар болмаса ше?
Елшінің қасында жүрген жұбайының тұрақты жұмысы жоқ, яғни зейнетақы жарналары да жоқ деген сөз. Демек, жеке қаржылай ресурстарға ие болуға немесе несие алуға да мүмкіндігі жоқ. Қаржылық еркіндік жоқ!
Әрине олар жұбайының елшілік қызметі кезiнде кәсіби біліктілігін жоғалтып, отанына оралған соң жұмыс табуда қиындықтарға тап болады
Өзге елдерде, мысалы, Ресейде, Өзбекстанда, Беларусьте, Украинада және т.б. елшілердің жұбайларының шетелде тұру мерзімі жұмыс тәжірибесі ретінде есептеледі. Ал Бельгияда ерлі-зайыптылардың бірі зейнетақы жарналарының 50%-ын әйелінің немесе күйеуінің атына аударуға міндетті. Бұл мысалдар елшілердің қасында жүрген жұбайлары үшін әділ зейнетақы жүйесін құру мүмкіндігі мен қажеттілігін көрсетеді.
Жұмыс істеу қабілеті, зейнетақы төлемдерін алу, зейнетақы жинағына және жеке қаржы ресурстарына ие болу жолындағы кедергілер жұмысы жоқ шалғай аймақтарда қызмет ететін әскери қызметшілер мен шекарашылардың жұбайлары үшін де қиындық тудырады.
Жоғарыда аталған азаматтар тобының еңбекке және зейнетақы жарналарына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін осы мәселені қарауды ұсынамыз.
Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
И. Смирнова
М. Магеррамов
А. Нұралин
К. Сейтжан
И. Сұңкар