Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
орынбасары
А.С.Көлгіновке
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Алтай Сейдірұлы!
Электрондық кардио жүйесі (ЭКЖ) бар адамдар үшін металл детекторынан және ұрлыққа қарсы жүйеден қауіпсіз өту қарастырылмаған. Бұл адамның өмірі тікелей байланысты болатын белгілі бір параметрлерді автоматты түрде бұзуы ықтимал, өйткені олар жүректің қалыпты немесе жиі соғуы кезінде кері әсер етеді.
Олардың ЭКЖ тасымалдаушысы деген куәлігі болғанына қарамастан, қауіпсіздігіне қарап жатқан адам жоқ. Кейбір адамдар, айталық, Теміржол вокзалы сияқты өту пункттерінің күзетшілері жағдайдың соншалықты маңызды екенін ескермей, ЭКЖ бар адамдарға, тіпті қолында бала болса да кедергісіз өтуіне мүмкіндік бермейді.
Мұндай жағдайлар күзет қызметінің адамгершілікке жатпайтын көзқарасына байланысты науқас адамдардың наразылығын тудырады. Өйткені, электронды күзет жүйесінен қолмен тексеру арқылы өтудің баламасы бар. Мұндай объекті қызметкерлері ЭКЖ бар адамдармен қарым-қатынаста адами тұрғыда қолдау көрсетуі маңызды. Ал ондай әрекеттен хабардар болмауының себебі және неге азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді деген сұрақ жауапсыз қалып отыр. Сондықтан мұндай адамдарға қоғамдық ғимараттарда олардың денсаулығы үшін қауіпсіз өту орындары болуы керек деп санаймыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімдерде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
М. Магеррамов
А. Сқақова
А. Қоңыров
Ж. Ахметбеков
Ғ. Құлахметов
А. Милютин
Ғ. Нұғманова
Д. Легкий
Е. Смайлов
И. Смирнова
28.12.2022 ж. жарияланды