Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Б. Дүйсеноваға
Депутаттық сауал
Құрметті Тамара Босымбекқызы!
Бізге «Қуық экстрофиясы және тік ішек атрезиясы» диагнозы қойылған балалардың ата-аналары шағымданды.
Өтініштің мәні мынада: Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің нормалары бойынша оларға күніне 2 дана арнайы құрылғы бөлінеді. Жылына бір балаға 720 дана ұсынылады. Ал іс жүзінде мұндай ауыр диагнозы бар балаға күніне кемінде 5-6 дана арнайы құрылғы қажет.
Ата-аналар оны дәріханалардан өз қаражатына, әрқайсын 6 мың теңгеден астам ақшаға сатып алуға мәжбүр. Бұған қоса памперс қолдану қажет. Орта есеппен алғанда, шамамен шығыс көлемі күніне 8-9 мың теңгені құрайды.
Кейбір ата-аналар несие алады, үйлерін сатады, өйткені оларға ақша жетіспейді. Кейін сот орындаушылары оларды өтелмеген қарыз үшін қудалайды. Мұндай балаларға үнемі күтім жасау қажет болғандықтан, көптеген ата-аналар үйде жұмыссыз отырады. Олардың арасында балаларды өздері тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйелдер көп.
Мәселенің әлеуметтік маңызын ескере отырып, біз осы проблемаға назар аударамыз және қысқа мерзімде осындай балаларға қажетті құрылғылар мен памперс санын көбейту нормасын қарастыруды ұсынамыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
М. Магеррамов
И. Смирнова
Г. Танашева
К. Сейітжан
И. Сұңқар
05.04.2023 ж. жарияланды