Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім беру
С.Нұрбекке
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Е.С.Сәденовке
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС
Құрметті Саясат Нұрбек!
Құрметті Ержан Сапарбекұлы!
Біздің депутаттық сауалымызға бүгінде бүкіл қоғам зардап ешіп отырған жалған дипломдар мәселесі себеп болып отыр. Жалған құжаттар жұмыс берушілерді жаңылыстырады, білім беру жүйесіне деген сенімді әлсіретеді және көрсетілетін қызметтер сапасындағы кемшіліктерге әкеп соғады. Жалған дипломдардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ осы саладағы нормалар мен ережелерді қатаң сақтау жөніндегі жұмыс қоғамда тәртіп пен адалдықты қамтамасыз ету үшін маңызды.
2021 жылы Батыс Қазақстанда жалған дипломы бар әйелдің 10 жыл медбике болып жұмыс істегені туралы хабар қоғамды таң қалдырғанда, біз уәкілетті органдар мұндай жағдайларды болдырмау бойынша жұмысты бастайды деп үміттенген едік. Алайда, 2023 жылы Қазақстанда жоғары білім туралы дипломдарды қолдан жасаудың 457 фактісі анықталғаны белгілі болды. Мысалы, өткен жылы анықталған фактілерді атап өтсек, Павлодар облысында құжаттарды қолдан жасаудың 60-қа жуық дерегі анықталды. Екібастұзда медбике ретінде жұмысқа орналасу кезінде өтпей қалған «дәрігер» «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жалған диплом ұсынды, Маңғыстау облысында жалған дипломы бар колледж оқытушылары анықталды, Солтүстік Қазақстан облысында 80 педагог жалған диплом бойынша жұмыс істеген.
Интернетте ашық қолжетімділікте жоғары білім туралы дипломды сатып алуды ұсынатын сайттар бар екені құпия емес. Сатушылар Астанадағы кез келген оқу орнының дипломдарын ұсынады, олар мемлекеттік разряд фирмалық бланкісінде орындалған, өте жақсы каллиграфиялық жазумен және оқу жоспарына қатаң сәйкестікте толтырылған. Бұл ретте құжаттағы мөрлер мен қолдар шынайы болады деп сендіреді. Сонымен қатар, елорданың оқу орындарының тізімі ұсынылады: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Еуразия гуманитарлық институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Ұлттық өнер университеті, Технология және бизнес университеті.
2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен дипломдардың дұрыстығын тексеру жүйесі іске қосылды, онда қолдан жасауды түпнұсқадан дербес ажыратуға болады. Құжатты қолдан жасау мәніне тексеру ЖСН, дипломның сериясы мен нөмірі негізінде жүзеге асырылады. Алайда бұл жерде де жақсы идея табысты іске асырыла алмады. Қазіргі уақытта жүйеде 2020/21 оқу жылында берілген дипломдар туралы ақпарат бар. Мен өзімнің мәліметтерімді енгіздім, бірақ жүйе ешқандай ақпарат бере алмады. Жалған дипломдар бiлiм беру, кәсiби қызмет және қауiпсiздiк салаларында проблемалар туғыза отырып, қоғамға терiс әсер етуi мүмкiн.
Осыған байланысты, Қазақстан Халық партиясы тәуелсіздік жылдарында білім туралы ресми берілген барлық құжаттарды дипломдардың дұрыстығын тексеру жүйесіне енгізу бойынша жұмысты жеделдетуді және жыл сайын деректерді уақытында өзектендіруді талап етеді, құқық қорғау органы жалған дипломдар сататын интернет-ресурстарды бұғаттау, сондай-ақ құжаттарды қолдан жасаудың алдын алу және азаматтарды осы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту бойынша кешенді шаралар қабылдауды талап етеді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.
«Қазақстан Халық партиясы»
фракциясының депутаттары:
И. Сұңкар
М. Магеррамов
К. Сейтжан
И. Смирнова
Г. Танашева