«Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы»

dep.jpg

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

О.А.Бектеновке

                                        ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ 
                                   Құрметті Олжас Абайұлы!

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бүгінгі күні өзектілігін жойған жоқ. Өкінішке қарай, кейінгі кезде қазақстандықтардың тамақтан улануы жиілеген. Сонымен қатар, жылдар бойы біздің сауда алаңдарында белсенді түрде сатылып келе жатқан азық-түлік өнімдерінде кездесетін адам денсаулығына қауіпті ингредиенттер туралы ақпаратты да көріп жүрміз.

Азық-түлік өнімдері нарығының бақылаусыз өсуі, дүкендеріміздің сөрелеріндегі өте күмәнді құрамдағы импорттық тауарлар санының қарқынды артуы, құрамы күмәнді шетелдік өнімдердің отандық өнім атын жамылып сатылуы – халықтың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің СЭБ комитеті ай сайын шығаратын құрамы таза емес өнімдерінің тізімімен танысып шығып, ол өнімдердің әлі күнге дейін еш кедергісіз дүкен сөрелеріне түсіп, сатылып жатқанына көз жеткіздік. Атап айтқанда: кейін біз дүкендерде әлі күнге дейін белсенді түрде сатылатын өнімдерді таба аламыз: «Rich» тұз қосылған қызанақ шырыны, «MOJITO» алкогольсіз сусыны, «Сұлтан» жоғары сұрыпты бидай ұны», 4 жастан асқан балаларға арналған «Агуша» гүлді қырыққабат пюресі және т.б.

Сайып келгенде, бұл өнімдер нарықта еркін сатыла беретін болса, мұндай тексерулер мен қауіпті өнімдердің тізімін жасаудың мәні неде?

Бүгінде нарық жаңа, тексерілмеген тауарларға толы. Мәселен, шетелде өндірілген жүзім алдымен нарықта еркін таралып, азматтар оны сатып алды. Ал уәкілетті орган оның адам ағзасына зияны бар-жоғын содан кейін ғана тексерді.

Үкіметтің мақсаты қандай? Бұл шаралар азаматтарымызды қорғау үшін жүргізіле ме, әлде өз міндеттерін орндаған сыңай таныту ма?

ҚХП фракциясы азық-түлік қауіпсіздігіне жауаптылардың сапаны тексерудегі салғырттығы мен азаматтарды тиісті ақпараттандырмауы халықтың денсаулығына қауіп төндіреді деп санайды.

Осыған байланысты біз мынадай ұсыныстар әзірледік:

  1. Азаматтарымыз тұтынатын тамақ өнімдерінің сапасына мемлекеттік бақылау шараларын күшейту.
  2. СЭБ талаптарына сәйкес келмейтін тауарлар туралы халықты тиісті ақпараттан хабардар ету мақсатында ай сайын бұқаралық-ақпараттық жұмыс жүргізу.
  3. Барлық мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде, ауруханалар мен емханаларда талапқа сай келмейтін өнімдер тізіміне енгізілген тауарлардың бар-жоғын тексеру. Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

М. Магеррамов

А. Нұралин

И. Смирнова

К. Сейтжан

И. Сұңқар