Қазақстандық бизнестің мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымын реттеуге қатысу мәселелері туралы

dep.jpg

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

О.А.Бектеновке

                                        ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ 
                                   Құрметті Олжас Абайұлы!

2018 жылдан бастап бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар өкілдері Қазақстанда мұнай өнімдерін есептеуді бақылау аспаптарын (ЕБА) енгізу мәселесін белсенді талқылауда.

2024 жылғы 01 шілдеден бастап мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларының резервуарларында сақтау міндетті түрде есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру арқылы ғана жүзеге асырылатын түзету қолданысқа енгізіледі.

ЕБА енгізу туралы мәселе 6 жыл бойы үздіксіз талқыланып келе жатқанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін есептейтін бақылау аспаптарын өндіруші зауыттар жоқ. Осыған байланысты біз кәсіпкерлерді аталған жабдықтарды шетелден сатып алуға мәжбүрлейміз.

Қазақстанда мұнай-газ саласы негізгі сала болып табылады. Бізде шамамен 2 000 мұнай базасы жұмыс істейді. Бір құрылғының құны 30 млн теңге шамасында болуы мүмкін. Сәйкесінше, біздің кәсіпкерлердің еріксіз сатып алуы нәтижесінде 60 млрд теңге еліміздің айналымынан шығып, шет мемлекеттің материалдық ресурстарын толықтыратын болады. Оның үстіне, ЕБА бағдарламалық қамтамасыз етуге біздің кәсіпкерлер импорттаушының қосымша кірісін қамтамасыз ете отырып, ай сайын миллиондаған теңге жұмсайтын болады. Осылайша, біздің кәсіпкерлер жыл сайын шетелдік өндіруші мемлекеттің бюджетін миллиардтаған теңгеге толтыруға мәжбүр болады.

Сонымен қатар, баяндалған жағдай ұсақ кәсіпкерлерді нарықтан «ығыстырып» тастайды, осы саладағы бизнесті монополияландырады, бұл жалпы нарыққа табиғи түрде теріс әсер етеді.

Сондай-ақ шетелде жасалған ЕБА-ны бағдарламалық қамтамасыз етуде деректерді сақтау және қауіпсіздік мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Қойма туралы деректер, оның орналасуы, сақталатын мұнай өнімдерінің көлемі – теріс пиғылдылар пайдалана алатын әлеуетті қауіпті диверсия құралы. Импортталатын ЕБА бағдарламалық жасақтамасында сақталатын ақпараттың кепілді түрде қорғалуына кепілдік бар ма?

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет ірі кәсіпорындармен бірге елдегі өндірістік циклді «тұйықтауы» тиіс деп мәлімдеді.

ҚР Президенті 2024 жылғы 8 мамырда басты мақсаты «бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту және бизнес шығындарын азайту жолымен Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ету» болып табылатын «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жоғарыда келтiрiлген факторлар - «елдегi тұйық өндiрiстiк цикл» жолын тиiмдi жүргiзуде тiкелей кедергi болып табылады және отандық кәсiпкерлер үшiн көлемi бiздiң елiмiздiң аумағында реттелмейтiн қосымша шығын келтіреді. Нәтижесінде, біз өз қолымызбен экономикамыз үшін мұнай сияқты маңызды салада импортқа тәуелділік жағдайын қалыптастырып отырмыз.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, көрсетілген проблемаларды шешу жөнінде Үкіметтің ұстанымын мәлімдеуді, сондай-ақ мынадай шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз:

  1. Мұнай қоймаларында пайдаланылатын есепке алудың бақылау аспаптарын әзiрлеу жөнiндегi бизнестi қоса алғанда, мұнай өнiмдерi секторында жұмыс iстейтiн отандық кәсiпорындарды қалыптастыру үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi жоспарды әзiрлеу.

  2. Мұқият сертификаттау және тұрақты тексеру арқылы отандық аспаптар өндiрiсiнiң барлық қажеттi сапа және қауiпсiздiк стандарттарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету.

  3. Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

К. Сейтжан

И. Сұңкар

Г. Танашева