«Қазақстандағы өңірлік және инклюзивті театрлардың проблемалары туралы»

dep.jpg

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

А.Ғ.Балаеваға

                                        ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ 
                                    Құрметті Аида Ғалымқызы!

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары барысында біз мәдениет және өнер қызметкерлерінің шығармашылық ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткіздік.

Қазір Қазақстанда 66 театр жұмыс істейді. Олардың бәрінің де мемлекеттік ұлттық академиялық театр мәртебесі жоқ. Ірі қалаларға қарағанда облыстық ұйымдарға ол жай ғана берілмейді. Ресми мәртебенiң болмауы өңiрлiк мекемелердi қажеттi қаржыландырумен, ал олардың қызметкерлерiн тиiсiнше атақтармен, барабар еңбекақымен және әлеуметтiк пакетпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi. Қазір мұндай театрлардағы сахналық қызметкерлердің жалақысы айына 100 мың теңгеге жуық, әртістердің жалақысы - 150-170 мың теңгеге жуық, бұл еліміз бойынша орташа жалақыдан екі есе төмен.

Сонымен қатар, театр өнері - мүгедектігі бар азаматтар үшін бейімделу мен шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің тамаша тәсілі екенін атап өткіміз келеді. Алайда, неге екені белгісіз, біздің елімізде бұл әдістеме іс жүзінде қолданылмайды. Қазақстанда бүкіл республика бойынша үш инклюзивті театр бар, олар тек ұйымдастырушылардың жанқиярлық еңбегінің арқасында, қоғамдық қорлар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен ғана өмір сүріп отыр. Мұндай театрлардың іс жүзінде жеке алаңдары, сахнаға қажетті техникалық жабдықтары жоқ және мемлекеттен қаржыландырылмайды. Олар тек демеушілердің ақшасы мен ерікті қайырымдылық қаражаттардың есебінен жұмыс істеп отыр.

Мүгедектігі бар адамдар (МБА) үшін тағы бір проблема - қажетті кәсіптік білім алу. Шығармашылық, атап айтқанда, актерлiк мамандықтарға оқытатын қазақстандық жоғары оқу орындарының көпшiлiгi бiлiм алу үшiн тиiстi жағдайларды қамтамасыз ете алмайды және тиiсiнше ерекше қажеттiлiктерi бар студенттердi қабылдауды жүргiзбейдi. Ақылы оқу мүмкіндігі бар, бірақ бұл жағдайда жоғары оқу орындарының МБА-ға ұсынатыны - оқу ақысын төлеуде аздаған ған жеңілдік, басқа жеңілдіктер қарастырылмаған. Мұндай соманы мүгедектігі бойынша зейнетақы есебінен төлеу мүмкін емес.

Егер біз инклюзивті қоғам құру туралы айтатын болсақ, бізге инклюзивті театрларға да, жалпы мәдениетке де көзқарасты өзгерту қажет. Мүгедектіктігі бар адамның шығармашылық таланты өте жоғары болуы мүмкін ғой? Мәдениет және ақпарат министрлігінің міндеті - осы таланттарға жол ашып, бойындағы қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Осыған қатысты сіздердің ведомстволарыңыздың қандай шаралар қолданып жатқанын білгіміз келеді?

Қазақстан Халық партиясы өз тарапынан төмендегі мәселелерді ұсынады:

– облыстық және өңірлік театрларға ұлттық академиялық театрлар мәртебесін беру мәселесін шешу;

– осындай театрлардың әртістеріне атақ беру, жалақыны көтеру және әлеуметтік жеңілдіктерді қамтамасыз ету мәселесін, сондай-ақ осы мекемелердің техникалық және әкімшілік қызметкерлері үшін әлеуметтік пакет мәселесін шешу;

– ҚР НҚА-да «инклюзивті театр», «инклюзивті актер», «инклюзивті музыкант» және т.б. терминдерін әзірлеу және енгізу;

– мемлекеттік облыстық және республикалық театрлар жанынан оларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін инклюзивті алаңдар құруды қамтамасыз ету, оның ішінде көру, есту бойынша, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектері бар және т.б.;

– мұндай алаңдарды мемлекеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

– ерекше қажеттіліктері бар студенттерді елдің бейінді жоғары оқу орындарында шығармашылық актерлік мамандықтарға оқыту үшін жағдай жасау (техникалық қамтамасыз етуден бастап профессорлық-педагогикалық құрамды МБА-мен жұмыс істеуге дайындауға дейін);

Біздің осы бастамаларымыз туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің пікірін білгіміз келеді. Депутаттық сауалымызға заңнамада белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

К. Сейтжан

И. Сұңкар

Г. Танашева