Кіші Талдыкөл көлдер желісін сақтау туралы

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Б.Н.Асыловқа

                                            ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ 

                                        Құрметті Берік Ноғайұлы!

Сізге өтініш білдірген себебіміз, Кіші Талдыкөл көлдер тобы аймағында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі заңсыз берген №6, 7 және 9 көлдердің жағалауында орналасқан жер телімдерін игеру жұмысы жүргізілуде. Аталған жер телімдерін берудің заңсыздығы аталған учаскелерді беруге негіз болған құқықтық актінің сот шешімімен заңсыз деп танылып, күші жойылғандығынан болып отыр.

Сөз Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 7194-21-00-4/1717 шешімі туралы болып отыр. Онда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы Кіші Талдыкөл көлдер тобының № 6, 7 және № 9 учаскелерін «Су қорының жерін елдімекен жерлері санатына ауыстыру туралы» қаулысы заңсыз деп танылған. Сот шешімі биыл 2 тамызда заңды күшіне енді. Дегенмен заңсыз берілген жерлерді игеру жұмысы жалғасып жатыр.

Бұған әкімдіктің аталған жер учаскелерін нақты тұлғаларға беру жөніндегі құқықтық актілері күшінің жойылмағаны себеп болып отыр деп есептейміз. Әкімдіктің әрекетсіздігі жоғарыда көрсетілген сот шешімімен Кіші Талдыкөл көлдер тобында № 6, 7 және 9 көлдер учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне берілген 3 айлық мерзімнің 2022 жылғы 2 қарашада аяқталатыны негіз болып отыр.

Біздің ойымызша, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Жер Кодексінің 43-бабының 1-2-тармағында көзделген нормаларды бұзуға жол берді: «Су объектісінің жағалау жиегінен бес жүз метр қашықтықта орналасқан жер учаскелерін беру су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары айқындалғаннан кейін жүзеге асырылады». Бұл норма әкімдікті Кіші Талдыкөл көлдер тобының № 6, 7 және 9 көлдерінің жағалау сызығынан 500 метр қашықтықтағы жер учаскелерін беруге қатысты өзінің су қорғау жөніндегі актілерінің қолданысын тоқтата тұруға міндеттейді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, құрметті Берік Ноғайұлы, Сізден Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 6, 7 және 9 көлдер жағалауынан 500 метр қашықтықта орналасқан заңсыз берілген жер телімдерінің құқықтық актілеріне шағым жасауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ олардың әрекетін қадағалау тәртібімен тоқтата тұру қажет. Өйткені оларды жүзеге асыру жер учаскелерінің иелерін артық және негізсіз шығынға әкеп соғады және Астанамыздың экологиялық қауіпсіздігін бұзады.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

  • А. Милютин
  • А. Қоңыров
  • М. Магеррамов
  • Ж. Ахметбеков
  • Г. Құлахметов
  • Г. Нұғманова
  • А. Паяев
  • А. Сқақова
  • Е. Смайлов
  • И. Смирнова

21.09.2022 ж. жарияланды