Көп балалы отбасыларды мемлекеттiк қаржылық қолдау туралы

dep.jpg

ҚР Премьер-Министрі

А.А.Смайыловқа

                                        ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

                                    Құрметті Әлихан Асханұлы!

Көпбалалы отбасылар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды мемлекеттік қолдауға қатысты маңызды мәселені көтергім келеді.

Елде 550 мың көпбалалы отбасы және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған 107 мың отбасы бар, олардың жартысынан астамының тұрғын үйі жоқ. Ал ерекше балалар тұру үшін ерекше жағдайларға мұқтаж ғой!

Біріншіден, оларға емдеу мен оңалту үшін қосымша қаражат қажет, екіншіден, оларға мамандандырылған тұрғын үй-тұрмыстық жағдай жасау қажет. Бізде осындай аналар көп, олар баспана ала алмайды немесе балаларды емдеуге қаражат таба алмайды.

Біздің еліміздегі барлық проблемалар адамдардағы қарапайым жетіспеушіліктен туындайды. Көптеген ата-аналар бірнеше жерде жұмыс істеп, қаражат табу үшін балаларын үйде қараусыз қалдыруға мәжбүр.

Ең алдымен, біз балалардың қауіпсіздігін, денсаулығы мен тәрбиесін басты назарға алуымыз керек.

Біз әлемдегі территориясы үлкен, жері бай елдің біріміз деп мақтанамыз. Сонда мұндай проблемалар қайдан шығады?

Атаулы әлеуметтік көмек ала алмайтын, ай сайынғы төмен жәрдемақысы ештеңеге жетпей, несиеге белшеден батқан азаматтарымызға не істеу керек?

Сондықтан біз мұндай проблемалардың алдын алу үшін шаралар қабылдауымыз керек. Бұл Үкімет тарапынан көрсетілетін жалақыны көтеру, жәрдемақы мөлшерін арттыру, тұрғын үй алу үшін қолжетімді тетіктер жасау секілді кез келген көмек болуы мүмкін.

Елдегі демографиялық көрсеткіштерді көтеретін көпбалалы отбасылардың кейбірі кедейшілікте өмір сүреді. Сондықтан, біз демографиялық проблемаларды шешуге және отбасыларға қаржылай қолдау көрсетуге зор күш салатын көрші елдердің, соның ішінде Ресей мен Беларусьтің тәжірибесіне назар аударуымыз керек.

Мысалы, Ресейде 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ана капиталы» бағдарламасы жұмыс істейді. Аталған бағдарламаға сәйкес, алғашқы бала туған кезде отбасы 587 мың рубль (2 935 000 теңге) алады.

Беларусьте 2015 жылдан бастап енгізілген «Отбасылық капитал» бағдарламасы бойынша үшінші және одан кейінгі балаларды туу/асырап алу кезінде отбасыларға біржолғы қолма-қол ақшасыз қаражат беріледі. Мөлшері 10 000 АҚШ доллары (4 790 000 теңге).

Мұндай бастаманы енгізу ресейлік және белорустық отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, осы елдерде бала туу көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл бағдарламаларды отбасылар өмір сүру жағдайлары мен басқа да қажеттіліктерін жақсарту үшін пайдаланады.

Біздің ойымызша, бұл механизм тиімді және іс жүзінде өз нәтижелерін көрсетті. Бірақ, басқа елдердің оң тәжірибесіне қарамастан, мұндай жүйені енгізу мүмкіндігі Қазақстанда әзірге қарастырылмаған. Дей тұрғанмен, отбасылық капитал сияқты мемлекеттік қолдау жүйесі елдегі бала туу деңгейін айтарлықтай арттыруы мүмкін.

Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары отбасында төртінші бала немесе ерекше бала туған жағдайда «Отбасылық капитал» бағдарламасы бойынша отбасыларға 5000 доллар (немесе 2,3 миллион теңге) беруді ұсынады. Бұл капиталды үш бағытта жұмсау жоспарлануда:

  • тұрғын үй жағдайын жақсарту;
  • көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары білім төлемі;
  • ерекше балаларды емдеу және оңалту үшін.

Отбасылық капитал сияқты мемлекеттік қолдау жүйесін енгізу кез келген жағдайда ел халқының санын айтарлықтай арттырады және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға нақты көмек көрсетеді. Біздің мемлекетіміздің міндеті - әрбір қазақстандық үшін лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша түрде жауап беруді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

К. Сейтжан

И. Сұңкар

Г. Танашева

21.06.2023 ж. жарияланды