Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Ә. А. Смаиловқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Жаңа экономикалық қайта құруды бастау кезінде ең алдымен квазимемлекеттік секторларды басқаруды реформалау және қаражатты бөлудің ашық тетіктерін орнату маңызды.
Мемлекет активтерін басқару барынша ашық болуы керек. Ұлттық компаниялардың ресурстарын тиімсіз жұмсау тәжірибесін тоқтату, жалақыны/сыйақыны бөлудің тиімді әдісін құру қажет. Бұл аса маңызды. Уақыт талабын ескере отырып, директорлар кеңесі мүшелерін іріктеу, жалақы/сыйақы бөлу және жұмыстан босату жүйесі қайта құрылуы керек. Реформалар арқылы мемлекеттік қызметшілердің квазимемлекеттік секторлар жұмысына қатысу мүмкіндігін жою немесе айтарлықтай азайту. Сонымен қатар, жақын туыстық ұғымды нақтылап көрсету.
Бұл реформа жаңа тұлғалардың квазимемлекеттік секторлардағы жұмысқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және квазимемлекеттік секторлар арқылы мемлекеттік қызмет атқаруға және бизнеске қатысуға байланысты мүдделердің өзара келіспеушілігін болдырмайды.
Директорлар кеңесіне мүшелік жеке сектордың білікті мамандары үшін мүмкіндігінше ашық болуы маңызды. Ол үшін квазимемлекеттік секторлар жұмысының жаңа моделін түпкілікті айқындау қажет.
Квазимемлекеттік секторлардың республикалық субъектілері үшін директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың реестрін құру және квазимемлекеттік секторлар субъектілерінде директорлар кеңесіне кандидаттарды ұсынудың нақты құрылымдалған, құзыреттерін бағалауға негізделген, ашық процесін нормативтік тұрғыдан бекіту қажет.
Бұл процесті регламенттеу директорлар кеңесіне тек мемлекет тарапынан ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етудегі белсенділікті арттырады және аталған кеңес құрамының әртараптануы мен теңгерімі болуына, азаматтық қоғамның бақылауындағы ашықтыққа оң ықпал етеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы мәселелерді шешу бойынша Үкіметтің ұстанымын анықтап беруіңізді, сондай-ақ квазимемлекеттік секторларды дамыту бойынша келесі шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймыз.
Депутаттық сауалды қарап, жауап нәтижелерін жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
М. Магеррамов
И. Сұңқар
К. Сейітжан
И. Смирнова
Г. Танашева
06.09.2023 ж. жарияланды