Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Ә.А. Смайловқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Бұл депутаттық сауал мүгедек адамдарға стоматологиялық қызмет көрсетуге байланысты мәселелер туралы.
Мүгедектігі бар адамдарға стоматологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру стандартын кеңейту мәселелесін бұған дейін бірнеше рет көтердік.
Бұл бағытта ешқандай ілгерілеу байқалмайды, ал мүгедектігі бар балалардың ата-аналары дабыл қағып жүр. Өйткені мемлекеттік стоматологияларда «Севоран» анестезияның болмауының салдарынан балалардың тісіне ем жасалмайды. Шамасы, Денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктер мүгедектігі бар балалар зардап шекпейді және тіс ауруын сезбейді деп санайды.
Кейбір жеке клиникаларда «Севронды» қолдану үшін 150-300 мың теңге төлеу қажет. Мұндай қаражатты мүгедектігі бар адамдардың ата-аналары мен қамқоршыларының қалтасы көтермейді.
Биыл мамыр айында біз фторлауды және тісті кәсіби тазартуды, брекет орнатуды және химиялық заттарға қарағанда тез қататын және беріктігі жоғары жарықпен қатаятын пломба пайдалануды қызмет көрсету регламентіне қосуды ұсындық. Сондай-ақ шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекке жататын халықтың жекелеген санаттары үшін тегін қызмет тізбесіне талдау алуды енгізу маңызды екенін айтық. Өйткені бүгінгі таңда бұл қызмет ақылы негізде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі емдеу үшін жүргізілетін рәсімдерге байланысты шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекке жататын халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекітуге дер кезінде бұйрық бермейді. Берілген бұйрық инстанцияларға алты айға жуық уақытта жетеді. Салдарынан мемлекеттік медициналық мекемелер тегін стоматологиялық қызмет көрсету үшін клиникалармен келісім жасай алмайды. Аутизммен ауыратын немесе дамуында іркілісі бар баланы тіс дәрігерінің орындығына отырғызу мүмкін емес. Баланы бірнеше адам ұстап тұруы керек, бірақ емдеудің бұл тәсілінің тиімділігі күмән тудырады. Әдетте дәрігерлер мұндай науқастарды анестезиясыз емдемейді.
Тағы бір жүйелі мәселе медициналық жоғары оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсететін мамандарды даярлау жөніндегі модуль жоқ. Дәрігерлерге мүгедектігі бар пациенттермен жұмыс істеу дағдысы үйретілмейді. Елде мүмкіндігі шектеулі адамдар жоқ сияқты. Бізде тек нормотиптік адамдарды емдейтін мамандар ғана даярланады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес аталған мәселелерді шешу үшін шұғыл шара қабылдауды талап етеміз.
Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша беруіңізді сұраймыз.
«Қазақстан Халық партиясы»
фракциясының депутаттары:
28.09.2022 ж. жарияланды