Қазақстан Республикасы
премьер-министрінің орынбасары
А.С. Көлгіновке
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Алтай Сейдірұлы!
Мемлекеттің елеулі қолдауына қарамастан, мүгедектігі бар қазақстандықтар өздерін қажетті медициналық және техникалық құралдармен қамтамасыз етуге мәжбүр. Бұған мемлекеттік қызмет көрсетудің жетілмеген тетігі кінәлі.
Қазақстан Республикасында мемлекет мүгедектігі бар әрбір адамға жәрдемақы бөледі және түрлі әлеуметтік қызмет көрсетеді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2018 жылғы дерегі бойынша бірінші топтағы мүгедектігі бар әрбір адамға бюджеттен орта есеппен 4,4 млн. теңге бөлінеді. Бүгінгі таңда бұл сома әлдеқайда көп деп білеміз. Оған барлық техникалық көмекші компенсаторлық құралдар, арнайы, жылжымалы және басқа да қызметтер кіреді.
Алайда көрсетілетін қызмет сапасы сын көтермейді. Портал арқылы сатып алынатын техникалық, медициналық құралдар сапасыз болады және көп жағдайда мүгедектігі бар адамдардың қажеттілігін өтемейді. Мүгедектігі бар адамдар өзіне қажетті дүниені мемлекеттің қолдауынсыз өз қаражатына сатып алуға мәжбүр.
Көрсетілетін қызмет ақша ваучері арқылы монетизацияланса, мәселені шешуге ықпал етеді. Бұл мүгедектігі бар адамға өзіне ең қолайлы жабдықты, медициналық құралдарды және басқа да қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша ерекше қажеттілігі бар адамға бөлінетін бюджет қаражаты оны алушының мүддесі үшін мақсатты түрде жұмсалады. Әзірге олар мемлекеттен арнайы жәрдемақы түрінде қарапайым және кепілдендірілген көмек алып отыр. Мемлекеттік қолдау лотереяға ұқсайды. Сәттілік пен сәтсіздік қатар жүреді. Соңғысы жиі кездеседі.
Ұсынылған монетизациялау тәсілі сыбайлас жемқорлықтың алдын алады және процестің ашықтығын қамтамасыз етеді. Қазір әлеуметтік қызметтер порталындағы қызметтер мен тауарлардың сапасы үшін ешкім жауап бермейді, есесіне кейбір адамдар қалтасын қалыңдатады.
Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетудің тәсілдері мен әдістерін қайта қарау мәселесін көтеріп отыр. Атап айтқанда, азаматтардың осы санаты үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер монетизациялануы тиіс.
Мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтерді монетизациялауды қарастыруды ұсынамыз.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
К. Сейітжан
Г. Танашева
М. Маггерамов
И. Смирнова
И. Сұңқар
12.04.2023 ж. жарияланды