ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне
ҚР Индустрия және құрылыс министрлігіне
ҚР Сауда министрлігіне
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, 2025 жыл Халықаралық кооперативтер жылы болып жарияланды. Бұл шешім кооперативтердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды үлесін, атап айтқанда, кедейлікті азайту, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап көрсетуге бағытталған.
Дамушы мемлекеттер қатарына жататын Қазақстан кооперативтердің бұл әлеуетін толық пайдаланып отырған жоқ. Сондықтан кооперативтерді қолдау мен дамытуды халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды құралы ретінде жан-жақты қарастыруды ұсынамыз.
Еуропа елдерінде кооперативтік тұрғын үй үлесі шамамен 20%-ды құрайды. Үндістанда тұрғын үй кооперативтері арқылы қолжетімді баспана мәселесі табысты шешілуде және бұл бағытта арнайы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бар. Түркияда жер сілкінісінен кейін құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың қатысуымен тұрғын үй кооперативтері арқылы табиғи апаттан зардап шеккендер үшін өзіндік құнымен жаңа үйлер салынды.
Сонымен қатар Қазақстанда кооперативтерге қатысты бірқатар теріс тенденциялар байқалады:
• Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері үшін бақылау және қолдау механизмдерінің толық болмауы қаржы пирамидаларының қалыптасуына және кооперативтердің беделіне нұқсан келтіруде.
• Қолданыстағы тұрғын үй құрылысын реттейтін ережелер тек құрылыс салушылардың мүддесіне бағытталған, ал үлескерлер EPCM-келісімшарттары арқылы инжинирингтік компаниялардың көмегімен құрылысты өз бетінше басқара алмайды.
• Жалдамалы тұрғын үй кооперативтері және тұрғын үй-жинақ кооперативтері жоқ, бұл қолжетімді баспанаға деген сұранысты қанағаттандыруды тежеп отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің халықтың әл-ауқатын арттыру және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларына сәйкес, біз ҚР Индустрия және құрылыс министрлігіне мынадай ұсыныспен жүгінеміз:
• шетелдік Тұрғын үй кооперативтері қауымдастықтарының инвестицияларын тарта отырып, тұтынушылық кооперативтер арқылы тұрғын үй салу бойынша пилоттық жобаны іске қосу;
• тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне арналған ережелерді EPCM-келісімшарт механизмін енгізе отырып жетілдіру.
Осылайша, әлеуметтік тұрғын үй алу кезегін 5 жыл ішінде жоюға мүмкіндік туар еді. Сонымен қатар кооперативтерді қолдау және дамыту халықты жұмыспен қамтуды арттырып, республикалық бюджетке түсетін әлеуметтік төлемдер жүктемесін азайтады.
Сонымен қатар кооперативтерді қолдау және дамыту халықты жұмыспен қамтуды арттырып, республикалық бюджетке түсетін әлеуметтік төлемдер жүктемесін азайтады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, ҚР Сауда министрлігіне, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға Қытай және Үндістанның кооперативтер арқылы бірінші қажеттіліктегі тауарларды өндіру тәжірибесін жан-жақты зерттеп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын кооперативтерді қолдау шараларымен толықтыруды, оның ішінде кооперативтерге шағын бизнесті дамыту үшін кепілдіктер беруді ұсынамыз. Сондай-ақ жұмыспен қамту және еңбекке орналастыру орталықтарының қызметін қайта қарау қажет. Бұл орталықтар жұмыссыз азаматтардан кооперативтер құруға көмектесіп, өндірілген тауарларды өткізу желілері мен онлайн платформалар арқылы сатуды ұйымдастырумен айналысуы тиіс. Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында уақытша жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып, олардың табысын арттыруға мүмкіндік туады.
Ұсыныстарымызды қарастырып, ҚХП бастамалары негізінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуді сұраймыз.
Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
М. Магеррамов
И. Смирнова
А.Нұралин
К. Сейтжан
И. Сұңкар