«Импортталатын азық-түлік тауарларына бақылауды күшейту қажеттілігі туралы»

dep.jpg

ҚР Премьер-министрінің орынбасары

Ұлттық экономика министрі

С.М. Жұманғаринге

                                        ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
                                Құрметті Серік Мақашұлы!

Сайлаушылармен тығыз байланыста жұмыс істеу – ел экономикасының дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселелерді анықтаудың маңызды құралы. ҚХП депутаттық фракциясына техникалық реттеу және сертификаттау шаралары тұрғысынан импортталатын азық-түлік тауарларына бақылауды күшейту қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті.

Бүгінде «бас тарту хаттары» мәселесі өзекті болып отыр. Бұл – белгілі бір тауардың міндетті сәйкестік бағалаудан өтпейтінін растайтын құжат. Алайда кейбір ісіне адал емес импорттаушылар осы мүмкіндікті пайдаланып, кедендік декларацияларға осындай хаттардың нөмірі мен күнін енгізеді. Ал кеден органдары бұл хаттардың бар-жоғын, олардың түпнұсқалығын немесе мазмұнын тексермейді.

Бұл жағдайдың кеңінен таралғанын және осылайша шетелдік арзан тауарлардың сертификаттаусыз елге кіруіне мүмкіндік беретінін ескере отырып, ҚХП фракциясы Үкіметке мынадай шараларды қабылдауды ұсынады:

  1. Міндетті сәйкестік бағалаудан (сертификаттау, декларациялау және т.б.) өтуі тиіс тауарлардың тізімін жасап, оны тұрақты түрде жаңартып отыру. Бұл тізімде ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы кодтары көрсетілуі қажет;

  2. Кедендік органдарда осы тізімді автоматты түрде қолдану жүйесін енгізу. Бұл адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, сәйкестік бағалаудан жалтарудың алдын алуға мүмкіндік береді;

  3. Қазақстандағы сертификаттау органдарының 2024 жылы берген барлық бас тарту хаттарына талдау жүргізу;

  4. Заң бұзушылықтарды анықтап, сертификаттау саласындағы барлық жауапты органдарды жазаға тарту қажет;

  5. Осындай импорттаушылар мен сертификаттау органдарының Қазақстан экономикасына және отандық өндірушілерге келтірген залалын есептеу.

Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

М. Магеррамов

И. Смирнова

А.Нұралин

К. Сейтжан

И. Сұңкар