
Қазақстан Республикасының
Премьер-иинистрдің орынбасары
С.М. Жұманғаринге.
Премьер-министрдің орынбасары
А.Ғ. Балаеваға
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27 - бабына сәйкес сіздерге әлеуметтік және психологиялық қызметтерді реттеу, сондай-ақ халыққа психологиялық және оған жақын көмек көрсететін мамандардың қызметінің ашықтығын, қауіпсіздігін және кәсіби жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдаймыз.
Әлеуметтік алаңдаушылықтың өсуі, пандемиядан кейінгі салдар, дағдарыстық жағдайдың, тәуелділіктің, тамақтану тәртібінің бұзылу, сондай-ақ онлайн-платформаларды қолдау топтарының және бейресми қауымдастықтардың белсенді дамуы жағдайында Қазақстан Республикасында психологиялық, коучингтік және консультативтік қызмет нарығы айтарлықтай кеңеюде. Ал саланы құқықтық реттеу бақылаусыз қалып, азаматтарды қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл бизнестің көлеңкелі жағының дамуына қоғамда қалыптасқан стереотиптер әсерінен менталдық ауруларды стигматизациялау да ықпал етуде.
Іс жүзінде төмендегілерді қамтамасыз ететін бірыңғай мемлекеттік тетік жоқ:
Саланы реттеудің нақты тетігінің жоқтығы келесі қауіптерді туғызады:
Айта кету керек, бұл мәселе жүйелі және ұзақ мерзімді сипатқа ие. Қалыптасқан тәжірибе жылдар бойы дамып, қолжетімді психологиялық көмектің жетіспеушілігін толықтырып отырды. Кәсіби медициналық көмекке қол жеткізе алмаған адамдар алаяқтарға жүгінуге мәжбүр болды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын кешенді тексеру көптеген заң бұзушылықар мен теріс қылықтарды анықтағанын атап өтті. Негізінен мемлекеттік қаражатты ірі көлемде ұрлау мақсатында құжаттарды бұрмалау фактілері әшкереленді. Яғни, миллиардтаған доллар көлемінде бөлінген қаражат жымқырылып, азаматтар тиісті медициналық көмекке қол жеткізе алмаған.
Осыған байланысты нарыққа қатысушыларға тиісті психологиялық және медициналық көмек көрсетпегені, ал мемлекетке қолжетімді, ашық һәм түсінікті жүйе құрмағаны үшін жауапкершілік жүктеледі. Алаяқтық, ақша жоғалту, жүйкенің жұқаруы, науқастардың зақымдалған психикасы – сертификатталмаған және лицензияланбаған мамандардың немесе өзін осылай таныстыратын тұлғалардың сапасыз қызметінің салдары. Осы айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы төмендегіні ұсынады:
Кәсіби психологиялық көмектің басымдығын ескере отырып, психологиялық және психоэмоционалдық қызметті реттеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру және мына бағыттарды нормативтік тұрғыда нақты ажырату қажет:
Халыққа психоэмоционалдық қолдау көрсетумен жүйелі түрде айналысатын мамандар мен ұйымдардың қызметін (мемлекеттік, жекеменшік, онлайн, офлайн форматтарына қарамастан) міндетті тіркеу/лицензиялау бойынша ашық талап енгізу.
Азаматтар үшін ашық тексеру мүмкіндігімен психологиялық және әлеуметтік қолдау қызметін көрсететін мамандар мен ұйымдардың бірыңғай цифрлық тізілімін құру:
Азаматтарды көрсетілетін қызметтің сипаты, мамандардың кәсіби жауапкершілік деңгейі, сондай-ақ олардың психологиялық немесе медициналық мәртебесінің бар-жоғы туралы міндетті түрде хабардар етуді қамтамасыз ету.
Ақпараттандырылған келісім және осал топтарды қорғау қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, қолдау топтары мен қоғамдық іс-шараларға маманданбаған кеңесшілердің (жаттықтырушылардың, тарологтардың, астрологтардың және өзге де адамдардың) қатысуын регламенттеу. Аталған шараларды іске асыру психологиялық және психоэмоционалдық көмек саласын көлеңкелі айналымнан шығаруға, қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, азаматтарды қорғауға және әлеуметтік қолдау институттарына деген сенімді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Психологиялық және әлеуметтік қызметтерді реттеудің ашық, этикалық және кәсіби тұрғыдан негізделген жүйесін қалыптастыру азаматтардың психикалық денсаулығын қорғаудың, көмекке жүгіну мәдениетін дамытудың және әлеуметтік қолдау институттарына деген сенімді нығайтудың қажетті шарты деп санаймын. Заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.
Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
М. Магеррамов
И. Смирнова
А.Нұралин
К. Сейтжан
И. Сұңкар