
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрдің орынбасары
Үкімет аппаратының басшысы
Г. Т. Қойшыбаевқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Ғалымжан Тельманұлы!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің кадрлық әлеуетін арттырудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Президенттің айтуынша, экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету – ең өзекті міндеттердің бірі.
Өңірлерде сайлаушылармен кездесулер барысында Қазақстан Халық партиясының депутаттары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан (колледждерден) жоғары білікті кадрлардың кету мәселесін анықтады.
Ең алдымен, колледж педагогтерінің еңбекақысы олардың атқарып отырған нақты жұмыс көлеміне сай еместігі назар аударарлық. Қолданыстағы еңбекақыны есептеу әдістемесі оқу жүктемесінің ерекшеліктерін, ұстаздардың біліктілік деңгейі мен жауапкершілік дәрежесін ескермейді. Соның салдарынан олардың еңбекақысы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен экономикадағы орташа деңгейден едәуір төмен.
Орта білім беру ұйымдарында мұғалімдердің апталық оқу жүктемесі 16 сағатты, оқу жылының ұзақтығы 34 апта болған жағдайда жылдық оқу жүктемесі 544 сағатты (1 мұғалімнің ставкасы) құрайды. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында апталық жүктеме 18 сағат, оқу жылының ұзақтығы 40 апта, яғни жылдық оқу жүктемесі 720 сағат (1 колледж оқытушысының ставкасы).
Осы айырмашылыққа қарамастан, тарифтік кесте бойынша мектеп мұғалімі мен колледж оқытушысының базалық жалақысы (қосымша төлемдер мен үстемақыларсыз) бірдей белгіленген. Демек, мектеп мұғалімі бір академиялық сағат үшін колледж оқытушысымен салыстырғанда жоғары ақы алады.
Сонымен қатар, колледж педагогтері мектептер мен жоғары оқу орындарында қарастырылған магистр және философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі үшін берілетін ынталандыру төлемдерінің жоқтығына шағымдануда.
Ал арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жоғары білімді және 10 жылдық еңбек өтілі бар болса да, мемлекеттік колледждерде орта есеппен айына 200 мың теңге шамасында ғана еңбекақы алады.
Аталған факторлар еңбек жағдайларындағы айқын теңсіздікті қалыптастырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагог мамандығының беделін төмендетеді, жоғары білікті кадрларды тартуға кедергі келтіреді, қызметкерлердің уәждемесін әлсіретеді және орта буын мамандарын даярлау сапасының төмендеуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік білім беру саясатының басымдықтарына және әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттарына қайшы келуі мүмкін.
Осыған байланысты Қазақстан Халық партиясы келесі шараларды ұсынады:
Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
М. Магеррамов
И. Смирнова
А.Нұралин
К. Сейтжан
И. Сұңкар