ОӨК білім беру бағдарламаларын жаңғырту туралы

dep.jpg

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

О.А.Бектеновке

                                        ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ 
                                   Құрметті Олжас Абайұлы!

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Өңірлерге сапар нәтижесінде ҚХП фракциясының депутаттары бүгінде жұмысшы мамандықтар бойынша кадр тапшылығы бар екеніне, тиісті мамандықтар бойынша білім гранттары пайдаланылмай жатқанына, кей мамандықтар бойынша кадрлардың орташа жасы зейнеткерлік жасқа таяп қалғанына көз жеткізді. Талапкерлер белгілі бір мамандық туралы жете түсінбестен, оның ішінде бюджеттік негізде ЖОО-ға түседі. Олардың білім алуына мемлекет қыруар қаржы жұмсайды, бірақ бұл шығындар өзін ақтамайды, өйткені түлектер өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді.

Бүгінде теміржол саласында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Кадрлардың жетіспеуі, оның ішінде қарапайым жұмысшылар мен вагон инспекторларының тапшылығы – елдегі теміржол қауіпсіздігіне төнген қауіп.

ҚХП ҚазақКСР-і мысалына сүйене отырып, мәселенің шешімін 9-10-11-сыныптар үшін мектептің білім беру бағдарламаларына оқу-өндірістік комбинаты бағдарламаларын енгізу арқылы табуға болады деп санайды. Мысалы: инженерлік, техникалық сызу, металл өңдеу, құрылыс, тігіншілік және т.б. мамандықтар бойынша. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жүйесін толыққанды дамыту үшін теориялық дайындық пен практикалық дағдылардың нақты өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету де маңызды, бұл студенттерге ерте жастан жұмысшы мамандықтардың маңызын және олардың ел экономикасындағы рөлін түсінуге көмектеседі.

Бұл іс-шара жұмысшы мамандықтарының танымалдылығына оң әсер етеді, білім беру мекемелерінің кәсіпорындармен және өндірістік ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтеді, еңбек тәртібін қалыптастырады және болашақта жас талапкерлерге болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға және өз саласында сұранысқа ие маман болуға мүмкіндік береді. Білімді іс жүзінде қолдануға бағытталған заманауи білім беру кеңістігін құру болашақта біздің еліміздің алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шеше алатын жоғары білікті кадрларды қалыптастырудың кепілі болмақ.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты біз мынадай ұсыныстар әзірледік:

9,10,11 сыныптардың орта білім беру жүйесіне тиісті біліктілік ала отырып, жұмысшы кәсіптерін оқыту жөніндегі оқу-өндірістік комбинатының бағдарламасын әзірлеу және енгізу.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

К. Сейтжан

И. Сұңкар