ҚР Премьер-Министрі Ә.А.Смайловқа
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Қазақстан Халық партиясының фракциясына мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан шағым түсті. Қостанай қаласындағы ерекше балаларға арналған екі оңалту орталығының ішінен бірінші қаңтарда теміржол ауруханасы жанындағы оңалту орталығы жабылады.
Аталған орталықты жабу туралы жоспар 500-ден астам бала үшін, әсіресе балалардың церебралдық сал ауруы (сал ауруы), көру нервтері аурулары (ЗРР), тірек-қозғалыс аппараты аурулары (ЗПР) және оңалтуды талап ететін басқа да жағдайлар сияқты мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж балалар үшін елеулі зардаптар туғызады. Сонымен қатар, 28 жоғары білікті кәсіби маманның жұмыстан айырылып, жұмыссыздар қатарына қосылуына әкеліп соғады. Бұл шешім балалар мен олардың отбасылары үшін, жұмыстан босатылған қызметкерлердің отбасылары үшін эмоционалдық және физикалық та қиындық тудырады, бұл өз кезегінде әлеуметтік шиеленіс пен тұрақсыздық туғызуы мүмкін.
Орталықты жабу жоспары тиімді емес деп шешім жасаған соң жарияланды. Алайда, біз балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты мәселесі коммерциялық мүдделерден жоғары болуы тиіс деп есептейміз. Әртүрлі аурулардан зардап шегетін балалар ерекше назар аударуды қажет етеді, өйткені олардың психикалық жай-күйі әсіресе осал болып барады.
Президент 2019 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында: «Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс»,- деп атап өтті. Үкімет сал ауруы диагнозы қойылған балаларды медициналық және әлеуметтік сүйемелдеуді жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеуі тиіс. Президент сондай-ақ балаларға арналған шағын және орта оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажеттігін атап өтті. Жоғарыдағы орталықты жабу туралы шешім осы саясатқа қайшы келеді және жергілікті қоғамдастықтың қажеттіліктеріне жауап бермейді.
Бұдан басқа, балаларды оңалту тарифтері тым төмен және нақты қажеттіліктерге сәйкес келмейді. Бұл балалар үшін сапалы оңалтуға қол жеткізуді қиындатады және қайта қарауды талап етеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден Қостанай қаласындағы теміржол ауруханасы жанындағы балаларды оңалту орталығын жабу туралы мәселені қайта қарауды және балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін тигізетін кері әсеріне, сондай-ақ орталықты жабу мәселесінің әлеуметтік және эмоционалдық астарына ерекше назар аударуды сұраймыз.
Құрметпен, Қазақстан Халық партиясы фракция мүшелері:
И. Смирнова
М. Магеррамов
К. Сейтжан
И. Сұңкар
Г. Танашева