ҚР Премьер-Министрі
О.А.Бектеновке
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС
Құрметті Олжас Абайұлы!
Отбасы банкі 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап ел ішінде кеңінен танымал аралық қарыз беру шарттарын өзгертті. Банк өзінің бұл қадамын қазақстандықтарды ұзақ және жүйелі жинақтауға ынталандыру үшін жасалды деп түсіндіреді.
Бұл ретте несиелендірудің шарттары клиенттің тұрғын үй құнының 50% -ын бірден әкелгеніне немесе депозитте жинақтағанына қарамастан, банк сыйақысы кредит сомасының 100% -ына есептелетіндей етіп жасалған. Осы орайда, «азаматтарға өз ақшаларын қарызға, сондай-ақ пайыздық үстемемен беру қаншалықты әділетті, оның үстіне пәтердің толық құнын негізге ала отырып, банк комиссиясын алу қаншалықты дұрыс?» деген сауал туындайды.
Банктің өзінде салымшылардың наразылығына клиент салған сома депозитте екендігі және қарыз бойынша қамтамасыз ету болып табылатыны туралы түсініктеме беріледі. Бұл сомаға депозит бойынша сыйақы және мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Яғни, бұл кепіл қаржы клиентке табыс әкеледі деп саналады. Біз мұны тек қаржылық амал жасау деп есептейміз.
Біз осы депозиттің пайыздық мөлшерлемесі жылдық 2% ғана екенін көріп отырмыз, ал мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК-тен аспайтын шектелген сомаға ғана есептеледі.
Дей тұрғанмен, 2023 жылы қазақстандық ірі банктер арасында меншікті капиталдың пайдасын ұлғайту бойынша дәл осы Отбасы банкі көш бастап тұр. Өсім 87,9% - 107,5 млрд теңге болды. Алайда, бұл пайдадан қарапайым салымшыларға ешқандай қайыр жоқ. Сондықтан, «нәтижесінде кірісті кім алады? Банк пе, әлде Қазақстан азаматтары ма?» деген екінші әділетті сұрақ туындайды.
Біз банктің клиенттер ақшасын төмен мөлшерлемемен пайдалана отырып, миллиардтаған теңге пайда табуын және оны клиентке бермей өз қалауы бойынша пайдалануын нағыз әділетсіздік деп есептейміз.
Жоғарыда баяндалған жағдайларды негізге ала отырып, Қазақстан Халық партиясы мынадай ұсыныс жасайды:
Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
И. Смирнова
М. Магеррамов
К. Сейтжан
И. Сұңкар
Г. Танашева