Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. А. Смаиловқа
Депутаттық сауал
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Ұлы Абай: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан!» деген.
Себебі, елдің болашағын қалыптастыратын – мұғалім. Ал жас буын прогрессивті, ғылыми кемел, еркін ойлы болуы – мұғалімге тікелей байланысты.
Демек, оқыту тек білім берумен ғана шектелмеуі тиіс. Жас буынды шығармашылық дамыту, өнерге баулу – оның кемел қалыптасуының негізі.
Әрине, әкімшілік қысым, жөнді-жөнсіз бақылау, жиі өзгеретін стандарттар мен шешімдер арқылы педагогтерге жан-жақтан талап қою оңай.
Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім – мектептің жүрегі» дейді.
Алайда, қазіргі уақытта білім беру саласындағы кедергілер мұғалімдер наразылық тудырып отыр.
Бірінші. Қазіргі үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес педагогикалық білім беруде ректорларды, ЖОО әкімшілігін, директорлар кеңестерінің құрамын тағайындаудан бастап, мәнсіз бағдарламалардың мазмұнына дейін түбегейлі өзгерісті талап етіп отыр.
Екінші. Педагогтердің біліктілігін арттыру мәселелері де түбегейлі шешімін таппады. Ондағы бәсекелестіктің болмауы, ваучерлік жүйеге қарсы іс-қимыл – мұғалімдерді оқыту сапасының төмендеуіне жол беріп отыр. Жаппай мектеп ұстаздарына арналған «Өрлеу» педагогтердің біліктілігін арттыру институты» 10 жылдан астам іс жүзінде монополиялық қызметке айналды. Нәтижесінде, педагогтердің білім сапасын арттыру былай тұрсын, оқушылардың оқу үлгерімін төмендетіп барады. Басқаны қайдам, аталмыш институттың мұғалімдерін арнайы іздеп, қызығушылық танытқан ұстаздарды да естімедім.
Енді қалалардағы білім ошақтары ғана емес, ауылдарда да мектептер түрлі курстармен толықтырылды. Өкініштісі, ондағы білім сапасы сын көтермейді. Себебі, онда біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген мұғалімдер сабақ береді. Тіпті, бұл жағдай балалардың жан-жақты дамуына кедергі келтіріп, денсаулығына кері әсерін тигізуде. Айта кету керек, мұғалімдердің аттестаттаудан өту нәтижелері де төмендеп кетті. Айталық, 2020 жылы қатысушылардың 59,1% аттестаттаудан өтпесе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 74,2 пайызға жетті.
Демек, педагогтардың біліктілігін арттыру институтының сапасына сын артатын күн туды.
Мұғалімдердің бүгінгі күнгі аттестаттау сынағы оқушылардың білім сапасын арттыру жолында дұрыс бағыт бермей, керісінше кедергі болып отыр. Бұл туралы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Президент те айтты. Аттестаттау рәсімінің өзі субъективті. Сұрақтардың мазмұны да шағымдар көп. Айталық, жылдар өткен сайын маңыздылығын жойған сұрақтардың ұстаздарға, оқушыларға қажеттілігі қанша? Мысалы, орыс әдебиеті бойынша аттестаттау сынақтарында: Радищевтің «Путешествие из Петербурга в Москву» туындысы қай жылы жарық көрді? (1791, 1792 немесе 1793 жж.) немесе Горькийдің «На дне» пъесасы қай жылы сахналанды?.. Ол аз десеңіз, қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін Домбровскийдің «Хранитель древностей» романындағы терек қай қиылыста өскені туралы ақпарат кімге керек? Көркем образ немесе сюжет, жанжал емес, көшелердің атауы. Айтпақшы, қазірдің өзінде ол көшелер басқаша аталады.
Дәл осылай қисынсыз сұрақтарды саралай берсек, жетіп-артылады. Әйткенмен, мұның жауабын білу қазіргі күні маңызды емес. Ең бастысы, тарихи дәуірді, тарихи-әдеби процесті ұғынуымыз тиіс!
Қызығы, барлық сұрақтар пайдалануға қолжетімсіз, яғни, жабық. Ал оны кез-келген адам оқып, зерттей алатындай, аттестаттауда не күтіп тұрғанын түсінетіндей мүмкіндік берілгені әділетті деп санаймын. Ал егер түсініспеушіліктер болса, оны педагогтермен бірге саралап, сапасыз сұрақтарды алып тастау керек! Бірлескен сессияның ашылуында Президент адам әлеуетінің сапасын арттыруға назар аударды: «Адамдардың білімі, біліктілігі – ел дамуының қозғаушы күші. Білім сапасын, әсіресе, орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажет» – деді Қ.Тоқаев.
Осы орайда Қазақстан Халық партиясы депутаттарының фракциясы Оқу-ағарту министрлігіне келесідей ұсыныс айтады:
Заман талабына сай сапалы педагогикалық білім беру мәселелері бойынша жұмыс тобын құру.
«Қазақстан Халық партиясының» депутаттық фракциясы:
И. Смирнова
М. Магеррамов
Г. Танашева
К. Сейітжан
И. Сұңқар
05.04.2023 ж. жарияланды