ҚазҰӨУ колледжі мен мектеп-интернатындағы санитария мен гигиенаның бұзылуы туралы

dep.jpg

Қазақстан Республикасы

премьер-министрінің орынбасары

А.С. Көлгіновке

                                            ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
                                        Құрметті Алтай Сейдірұлы!

Балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету мемлекеттік басым міндеттерінің бірі болып табылады. Үкіметтің есебінше, білім беру сапасын жақсарту бағытында бірқатар бастамалар ойдағыдай шешілуде.

Қазақстан Халық партиясына Астана қаласы Жеңіс даңғылы 33 мекенжайында орналасқан Қазақ ұлттық өнер университетінің (бұдан әрі – ҚазҰӨУ) колледжінде, мектеп-интернатында оқитын балалардың ата-аналары хабарласып, жалпы білім беру және музыкалық білім алу үшін жайлы жағдай қарастырылмағанына шағымданды.

Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары оқу орнына бардық.

Нәтижесінде асханада 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ берілмейтіні, түскі астың орташа құны - 1000 теңге екені анықталды.

Жеделсатылардың жұмыс істемейтіні туралы ақпарат расталды. Балалар сегізінші қабатқа дейін музыкалық аспаптарды арқалап жүруге мәжбүр.

Жертөледе – ылғал, кабинет жетіспеушілігінен балалар дәлізде дайындалады, ғимаратта жарық аз, жағымсыз иіс, дәретханалар жұмыс істемейді, қабырғалар қырылған, турникеттер, ауа баптағыштар, бейнебақылау камералары жоқ.

Спортзалда жуынатын бөлме жоқ – ол қойма ретінде пайдаланылады.

Оқушылар кейбір қабаттарда ерлер мен әйелдердің дәретханасы ортақ екеніне шағымданды.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, барлық анықталған бұзушылықтарды түзету жөніндегі жоспарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы колледждер мен мамандандырылған мектептерді, оның ішінде ҚазҰӨУ колледжі мен мектеп-интернатына қарастырылған қаражатты жұмсау жөніндегі соңғы үш жылдағы есепті ұсынуды талап етеміз

Біз тиісті штатпен қамтамасыз ете отырып, орта және арнаулы орта оқу орындарында тамақтану және тазалау қызметін ұсыну бойынша тендер өткізу жүйесін жою қажет деп санаймыз.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Сұңқар

М. Магеррамов

К. Сейітжан

И. Смирнова

Г. Танашева

24.05.2023 ж. жарияланды