Қазақстан Республикасы
премьер-министрінің орынбасары
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Б. Дүйсеноваға
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Тамара Босымбекқызы!
Қазақстан Халық партиясы Үкіметтің назарын коммуникативтік дағдыларды дамытуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға мүмкіндік беретін студенттік өзін-өзі басқарудың жүйелі дамуының жоқтығына аударады.
Жатақханада тұру ақысын төлеу және шәкіртақының төмендігіне байланысты студенттер жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл олардың оқу сапасына әсер етеді. Студенттердің көпшілігі оңай ақша табу үшін синтетикалық есірткіні таратады. Прокуратураның ақпараты бойынша, соңғы 2 жылда синтетикалық есірткі таратушылар саны 3 есе көбейді.
Біз жастар арасында профилактикалық жұмыс тиісінше жүргізілмейтінін көріп отырмыз. Есірткінің зияны туралы айту жеткіліксіз. Жастардың жеңіл, бірақ қылмыстық жолмен ақша табуға деген ұмтылысын едәуір төмендететін құқықтық құралдар ғана емес, сонымен бірге білім беру мен тәрбие шаралары қажет.
Осыған байланысты студенттерді қоғамдық өмірге тартудың келесі тетіктерін қарастыруды және қабылдауды ұсынамыз:
Біріншіден, студенттік өзін-өзі басқаруды дамытудың бірыңғай мемлекеттік тұжырымдамасы мен кешенді жоспарын, сондай-ақ Жоғары білім және ғылым, Оқу-ағарту министрліктері жанындағы студенттік ұйымдардың ұлттық ғылыми орталығын, жергілікті жерлерде тұжырымдаманы іске асырумен айналысатын барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында орталықтар желісін құру.
Екіншіден, міндетті кәсіптік тәжірибеден өткені үшін колледждер мен ЖОО студенттеріне жалақы төлеу мүмкіндігін қарастыру. Жасыратыны жоқ, студенттердің көпшілігі кәсіби тәжірибеден өтпей, өтті деген белгі қойғызып алады. Ал өздері ақша табумен айналысады. Біз ұсынған тәсіл студенттерге тәжірибеден өтуге және білімді неғұрлым нәтижелі игеруге, сондай-ақ болашақ мамандықты меңгеруге ерекше құлшыныс танытуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
Г. Танашева
М. Магеррамов
И. Смирнова
Қ. Сейітжан
И. Сұңқар
21.06.2023 ж. жарияланды