Құс өсіру институттарын қалпына келтіру туралы

dep.jpg

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары

С. М. Жұмағаринге

                                        ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

                                     Құрметті Серік Мақашұлы!

Біздің депутаттық сауалымызға Қазақстан құс өсірушілер одағының құс өсіру институттарын қалпына келтіру туралы өтініштері себеп болды.

Бүкіл әлемде ветеринариялық-эпизоотиялық жағдайдың жыл сайын нашарлауы қауіпті жұқпалы аурулардың таралу ықтималдығын жоғарылатып отыр, оның ішінде асыл тұқымды материал бағасының тым жоғары болуы республика нарығында құс шаруашылығы өнімінің қымбаттауына әкелді, бұл өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Сондай-ақ тауар өндірушілерді шетелдік өнім жеткізушілерге тәуелді етеді, құс өнімдері әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінетіндіктен, құстармен бірге түрлі келеңсіз жағдайға ұрындыратын құс аурулары да келіп жатыр.

Бұрын Қазақстанда «Медео» үйректер сұрыпын, жұмыртқа бағытындағы екі желілік «Алатау» тауық сұрыпын, ет-жұмыртқа бағытындағы «Қайсар» сұрыпын шығарған және неше түрлі үйрек тұқымдары бар құс шаруашылығы институты болған. Еліміз Тәуелсіздік алған соң осы шаруашылықтың бәрінен айырылып қалдық.

Бұдан басқа, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтында, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтында және Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында құс шаруашылығы бөлімдері жұмыс істеді.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында ғана бір бөлім қалды, қалған бөлімдер жабылды, бұл құс шаруашылығы саласындағы ғылыми жұмыстарға теріс әсер етті. Бүгінгі күнге институт ғимараты, барлық қажетті жабдықтар сақталған, тәжірибелі ғалымдармен бірге асыл тұқымды құс шаруашылығын жаңғырту үшін жұмыс істеуге дайын жас кадрлар бар. Институтты қазір іске қосуға болады, бірақ ол үшін біздің мемлекетке асыл тұқымды құс шаруашылығын дамыту қажеттігін түсіну керек.

Ендігі жерде ғылыми сүйемелдеу жүргізіп, отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін енгізу қажет. Жыл сайын республиканың құс фабрикалары орта есеппен 7 млн 700 мың бас тәуліктік балапан мен асыл тұқымды репродуктор (финал) және 67 млн 700 мың дана инкубациялық жұмыртқа әкеледі.

Асыл тұқымды құс шаруашылығын дамыту мақсатында мынадай шараларды қарауды және қабылдауды ұсынамыз:

Біріншісі, мемлекеттің қолдауымен құс шаруашылығында 1-ші және 2-ші тәртіптегі асыл тұқымды репродукторларды, солтүстік және оңтүстік өңірлерде екеуден ғылыми-зерттеу орталығын құру;

Екіншіден, құс шаруашылығы жөніндегі ғылыми-зерттеу институтын қалпына келтіру.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша беруді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

К. Сейтжан

И. Сұңкар

Г. Танашева

21.06.2023 ж. жарияланды