АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі – USAID-дің Қазақстандағы қызметін тексеру туралы

dep.jpg

ҚР Премьер-министрінің орынбасары

Ұлттық экономика министрі

С.М. Жұманғаринге

ҚР Әділет министрі

Е.Ж.Сәрсембаевқа

                                        ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Соңғы күндері USAID – Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму агенттігінің қызметі туралы жаға ұстатарлық мәліметтер таралып жатыр.

Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде USAID ондаған жылдар бойы «зиянды жобаларды» қаржыландырып келгені айтылған. Илон Маск пен президент Дональд Трамп сияқты шенеуніктердің өзі USAID-ті «азғын радикалдар басқаратын» қылмыстық ұйым деп атады.

Ақ үйдің ресми мәлімдемелерінде USAID салық төлеушілер алдындағы жауапкершілігін ұмытып, қыруар қаржыны ақылға сыймайтын әрі «зиянды» жобаларға жұмсағаны нақты айтылған.

Мәселен, USAID Колумбиядағы «трансгендерлік операға» – 47 мың доллар, Перу еліндегі «трансгендерлік комикстерге» – 32 мың доллар, Гватемаладағы «жынысты ауыстыру» және «ЛГБТ белсенділігіне» – 2 миллион доллар, Сербияның жұмыс ұжымдары мен іскерлік қоғамдастықтарында теңдік пен инклюзивтілікті насихаттауға – 1,5 миллион доллар, Ауғанстанда бұрын-соңды болмаған көкнәр өсіру мен героин өндірісін қолдау үшін пайдаланылатын суару арналарын, ауылшаруашылық жабдықтарын және тіпті тыңайтқыштарды қаржыландыруға жүздеген миллион доллар жұмсаған».

Сондай-ақ аталған ұйым Сириядағы «Әл-Каида» содырларын азық-түлікпен қамтамасыз еткен.

Және бұл Агенттік қызметінің бірнеше мысалы ғана. Миллиардтаған доллардың тағы қандай «игі» (тырнақшада) мақсаттарға жұмсалғанын анықтауымыз керек.

Біздің аймақта USAID 2022-2025 жылдар аралығында Орталық Азиядағы адам құқықтары мен теңдігін нығайтуға 2 миллион доллар бөлді. Барлығы жақсы болар еді, бірақ бағдарламаның орындаушысы - лесбияндардың, гейлердің, бисексуалдардың, трансгендерлердің және интерсекстердің Еуропалық халықаралық қауымдастығы. Бұл Қазақстандағы АҚШ үкіметінің көмек бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйым.

Біздің аймаққа келетін болсақ, USAID 2022-2025 жылдары Орталық Азиядағы адам құқықтары мен теңдікті нығайтуға 2 миллион доллар бөлді. Бәрі ойдағыдай дер едік, алайда бағдарламаның орындаушысы – Еуропалық халықаралық лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер және интерсекс қауымдастығы. Бұл АҚШ үкіметінің Қазақстандағы жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыратын ұйым.

Елімізде қандай қаражат, кім, қайда және қандай мақсатқа бөлінетініне, кімнің алатынына және қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанына дұрыстап мән беру қажет деп есептейміз. Себебі, елдегі «жыныстық азшылықтардың құқығын қорғау» ұранын жамылып «белсенділік» танытып жүрген топтардың бас көтеруі біздің қоғамның ішкі сұранысынан емес, сыртқы әсерден, оның ішінде шетелдік қаржыландырудың әсерінен туындайтынын бәрімізге түсінікті. Алматының орталығында ұйымдастырылатын «әйелдер маршы»/«лесбияндық шерулер» және сондай шараларды өткізуге құлшыныс та осындай ұйымдардың қызметінің жемісі.

Біздің партия үкіметтік емес ұйымдарға шетелден келетін бақылаусыз қаржылық инвестицияларға қарсы екенін жеткізген болатын. Әрине, бұл қарсылықтың білім беру, экология, инклюзия және т.б. ақылға қонымды салаларға қатысы жоқ.

Әңгіме «адам құқығын қорғау» деген желеумен біздің елге жат идеологияны қаржыландыру туралы болып отыр. Мұндай әрекеттер шынында жастарымыз бен өскелең ұрпақты азғыруда.

Залда ұлттық құндылықтарымызға нұқсан келтіретін мұндай әрекеттерге қарсылығын білдіріп, үнемі осы мәселені көтеріп жүрген әріптестерім Еділ Жаңбыршин, Ринат Зайытов және т.б. отыр.

Осыған байланысты біз депутаттық сауалымызды Әділет және Экономика министрлеріне жолдай отрырып, аталған ведомстволардан тексеріс жүргізіп, шетелдік демеушілер бөлген қаржы ресурстарына: оларды кім қабылдайды, қайда жұмсайды, қандай жетістіктерге жеткеніне қатысты барлық есептерді жариялауды сұраймыз. Қоғам тарапынан да бұған деген сұраныс.

Біз сондай-ақ Әділет министрлігі, жалпы ел Үкіметі осындай зиянды «демеушілік» жобалардан қорғау мен психоэмоционалды, психикалық және физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасын әзірлеуі қажет деп санаймыз.

Қазақстанда бұған нүкте қою керек!

Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

М. Магеррамов

А. Нұралин

К. Сейтжан

И. Сұңкар