Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. К. Жамаубаевқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Ерұлан Кенжебекұлы!
Арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілерінде (Қазақстан Республикасының резиденттері – жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар) белгілі бір қызмет түрлерін қолдануды шектеу, сондай-ақ салық органдары тарапынан салық кодексінің нормаларын түсіндірудегі таңқаларлық икемділік, салық төлеушіні оңайлатылған декларациялау режимінен жалпыға бірдей белгіленген режимге ауыстыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұл шағын бизнеске түсетін ауыртпалық және оларды іс жүзінде жойып жіберетін қосымша ондаған миллион теңге төлемдер, тіпті одан көп болмаса.
Әсіресе, салық органдары үш жылдық кезең соңына таяп қалғанда келіп, осы мерзім үшін бір мезетте тексерулер жүргізеді. Осылайша бір реттік қосымша есептеулер жүргізеді деп шағымданады кәсіпкерлер. Бұл жағдайлар кәсіпкерлер арнайы салық режимін дұрыс қолданбай, жалпыға бірдей белгіленген режим бойынша есепке тұруға мәжбүр болумен байланысты болып отыр.
Біз шағын кәсіпкерліктің, ондағы есеп бөлімінің іс жүзінде жібертін қателіктерін айтып отырған жоқпыз, салық органдарына қатысты осындай шағымдар елдің әр түкпірінен келіп түсіп жатқанына алаңдаймыз. Және бұл кәсіпкерлердің наразылығы секілді жаппай сипатқа ие болып барады. Сондықтан, оның нәтижесімен емес, салдарымен күресу керек.
В период пандемии малый бизнес пострадал очень сильно. ИП и небольшие ТОО испытывали сложности, многие приостановили свою деятельность. Пандемия кезінде шағын бизнестер едәуір зардап шекті. Жеке кәсіп иелері мен серіктестікер қиындықтарға тап болып, басым бөлігі жұмысын тоқтатты.
Негізгі әңгіме салық Кодексінің 683-ші бабы (Арнайы салық режимін қолдану шарттары) туралы болып отыр.
Төменде көрсетілгендей қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға құқылы:
акцизделетін тауарлар өндірісі; акцизделетін тауарларды сақтау және көтерме сату; мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін - бензинді, дизель отынын және мазутты сату; лотереяларды өткізу; жер қойнауын пайдалану (кен іздеуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда); шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;
түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу; консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер; Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет; бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет; сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі; сауда нарығын жалға алу және пайдалану; Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына жататын сауда объектілерін, 1, 2 және 3 санаттағы стационарлық сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беру; екі және одан да көп салық төлеушілердің бір қонақ үйдің немесе осындай қызметтер көрсетілетін жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы қызметі; қаржылық лизинг шеңберіндегі қызмет.
Арнаулы салық режимін қолдану мүмкін еместігінің критерийі ретінде қызмет түрлеріне кез келген шектеулерді алып тастау және салық кезеңі үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ең жоғары кірісті ғана қалдыру ұсынылады.
Сондай-ақ осы баптың 4-тармақшасынан шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға қатысты шектеулерді алып тастау ұсынылады:: 1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар; 2) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері; 3) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушілер. Осы шектеулерді болдырмау үшін кәсіпкерлік қызметке тиімділіктің төмендігі мен зиянын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін негіз деп санаймыз
Қызметтің көптеген түрлері бойынша кәсіпкерлерде осы қызмет түрін көрсету кезінде үлкен шығындар болмайды, тиісінше ЖТС/КТС төлемі толық көлемде жүзеге асырылады. Осыған байланысты бұл норма ықпал етпейді, тек шағын кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына кедергі келтіреді.
Әдетте, бұл қызмет түрлерімен жеке тұлғалар жеке кәсіпкерді, сондай-ақ қызметкерлер саны аз ЖШС тіркеу арқылы айналысады.
Мұндай салықтық әкімшілендіру жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде болжанатын есептерді ұсыну қажеттілігімен қиындайды. Жалпыға бірдей белгіленген режимнен айырмашылығы, оңайлатылған декларациялау режимін таңдаған компаниялар 910 нысаны бойынша салық есептілігін жылына 2 рет 15 тамызға дейін және 15 ақпанға дейін ұсынады. Жалпыға бірдей белгіленген режимде есепті айдың 15-күнінен кешіктірмей 200-нысанды салық декларациясын тапсыру, сондай-ақ 100-нысанды жылдық есепті есепті жылдың 31 наурызына дейін ұсыну қажет.
Мұның бәрі осы қызмет түрлерін жүзеге асыруда қажетсіз проблемалар мен қиындықтар туғызады және ШОБ дамуын тежейді.
Жеңілдетілген режимді қолдану бухгалтерлік және қосымша есептерді ұстау үшін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көлеңкеге түспеуіне, жалпы айналымнан 3% төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, салық органдарына жүктеме азаяды, олар қазір жасалып жатқан кәсіпкерлерді әкімшілендірумен және мониторингпен айналысуға мәжбүр болмайды.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз..