Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

dep.jpg

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А.Смайловқа

                                        ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

                                    Құрметті Әлихан Асханұлы! 

Біздің депутаттық сауалымыз отандық кәсіби футболды дамыту туралы болмақ.

Біздің ойымызша, алдын-ала келісім жасалып қоятын кездесулермен күресті қатаңдатпай, кәсіби футболдың сапалы дамуы туралы әңгіме қозғауға болмайды.

Өткен аптада біз қазақстандық футбол федерациясымен бірлесіп дөңгелек үстел өткіздік, онда Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов спорттағы жемқорлық футбол клубтарының қаржылық жағдайына әсер ететінін, сондай-ақ қоғамның футболға деген сеніміне нұқсан келтіретінін және оның әлеуметтік ықпалын әлсірететінін айтты. Спорттағы сыбайлас жемқорлық - қоғамдық маңызы бар мәселе.

Интернеттің пайда болуы және кеңінен таралуы онлайн бәс тігудің шарықтап дамуына сеп болып, букмекерлік іске революциялық өзгерістер әкелді.

Зерттеулерге сәйкес, жаһандық спорт нарығындағы 80 пайызға жуық бәс тігу заңсыз сипатқа ие. Жарыс нәтижелерін айла-шарғы жасау бұрыннан қолданылып келе жатқанымен, онлайн букмекерліктің пайда болуы сатып алу, мәжбүрлеу және қорқыту арқылы төрешілерді, ойыншылар мен клубтардың лауазымды адамдарын жарыс нәтижелеріне ықпал етуге көндіретін белгілі бір нәтижелерді қамтамасыз ету үшін немесе жарыс барысында белгілі бір оқиғалардың орын алуы үшін халықаралық деңгейде де, ұлттық деңгейде де неше түрлі желілердің құрылуына алып келіп, бұл құбылыстың ауқымын осындай дәрежеге дейін кеңейтті.

Қазіргі уақытта ҚР заңнамасында «келісілген матч», «манипуляция» ұғымдары және белгілі бір тұлғалардың олардың туындауы бойынша әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін тиісті жауапкершілік жоқ.

Жалғыз, неғұрлым ұқсас норма ҚР ӘҚБтК 174-бабында көзделген, алайда бұл бап спорттық жарыстар процесінде туындауы мүмкін осындай жағдайлардың барлық спектрін толық көлемде қамтымайды, оның үстіне бұл бап тек 200 АЕК мөлшерінде ақшалай айыппұл салуды немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді. Бұл жаза жасалған қылмыс пен оның салдары үшін өте жеңіл, мардымсыз болып саналады.

Бұған қоса, құқықтық статистиканың мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңде осы жалғыз бап бойынша бірде-бір әкімшілік іс қозғалмаған.

Осыған байланысты, Қазақстан Халық партиясы төмендегі мәселелерді ұсынады:

  1. ҚР ІІМ базасында келісілген матчтарды тергеп-тексеру бағытында жұмыс жүргізетін және осы мақсаттағы тиісті өкілеттіктердің бәрі берілген бөлімше құрылсын.
  2. Құқық қорғау органдары, Қазақстан Футбол Федерациясы мен тиiстi мүдделi тараптар арасында футболдағы қылмыстық топтардың қызметiн болдырмау және сот қудалауын қамтамасыз ету саласында ақпарат және озық тәжiрибе алмасуға жәрдемдесу үшiн ынтымақтастық тетiктерi құрылсын. Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру, біздің ойымызша, еліміздегі келісілген матчтармен нәтижелі әрі жедел күресуге септігін тигізеді.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

Г. Танашева

М. Магеррамов

И. Смирнова

Қ. Сейітжан

И. Сұңқар