Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
З. Б. Сүлейменоваға
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Зүлфия Болатқызы!!
Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, әлемде орташа есеппен тәулігіне 0,74 кг ҚТҚ түзіледі (0,11-ден 4,54 кг-ға дейін). Қазақстан қалдықтардың әлемдік түзілуінің орташа деңгейін ұстанады. Мәселен, 2021 жылы еліміздің әрбір тұрғынына орташа есеппен тәулігіне 670 грамм ҚТҚ келді. 2013 жылы қалдықтардың жылдық түзілу көлемі 5 млн тоннадан асқан кезде Қазақстанда қайталама шикізат айналымында экономикалық қызығушылық туады деп айтуға болады.
2014 жылы Қазақстан үкіметі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014-2050 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады. Соған сәйкес әр өңірде қоқыс өңдеу зауыттарын салу жоспарланды. Небары 2 қоқыс өңдеу зауыты салынды, олар көп ұзамай банкротқа ұшырады. Қоқыс шығару тарифі зауыттардың сұрыптау және қайта өңдеу желілерінің шығынын өтемеді.
Мәселеге кәсіпкерлер назар аударды. Осылайша Теміртау, Қарағанды, Қостанай және т.б. қалаларда қалдықтарды бөлек жинау, шиналарды, пластикті, картонды, шыныны, картон қағазды қайта өңдейтін кәсіпорындар пайда болды. Бірақ бұл жеткіліксіз.
2018 жылға қарай «ӨКМ Операторы» ЖШС қоқыс өртейтін зауыт (бұдан әрі – ҚӨЗ) салу жөніндегі бағдарламаға бастамашы болды. Бұл бағдарлама жобаның қымбаттығына және тәуелсіз экологтар мен жұртшылықтың қарсылығына қарамастан, мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бірақ мәселе шешілмеді. Шағын қалаларда, ауылдарда қайта өңделетін заттарды жинау экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Мұндай зауыттардан шыққан күл қауіпті қалдыққа жатады және оны қауіпті қалдықтарға арналған полигонға көму қажет болады.
Қатты тұрмыстық қалдықты, атап айтқанда тамақ – «дымқыл» қалдықтарды бөлек жинауды енгізу полигондарға да, бюджетке де жүктемені жартысына дейін төмендетуі мүмкін. Экологиялық кодекске сәйкес, ҚТҚ алдын-ала сұрыптаусыз полигонға түспеуі тиіс. ҚТҚ шығару тарифіне сұрыптау тарифі енгізілуі керек, сондай-ақ бөлек алым енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Осы іс-шараларды жүзеге асыру қайта өңдеуді едәуір ұлғайтып, полигондарға экологиялық және экономикалық жүктемені азайтады және елдімекендерде қосымша жұмыс орындарын ұсынады.
Бөлек жинау бизнеске қайта өңдеу үшін сапалы қайталама шикізат алуға мүмкіндік береді. Пандемия кезінде қаптама қалдықтардың көлемі өсті, алайда Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс және Ресей Федерациясының кейбір тауарларды экспорттауға ішінара тыйым салуы түзету енгізіп, қайталама шикізатқа, мысалы, бөтелкеге, картон қалдықтарына, ПЭТ және т. б. сұранысты едәуір арттыруы мүмкін.
Қалдықтарды басқару жүйесінің дамуына, әдетте, үш үлкен топқа бөлінетін бірқатар кедергілер тосқауыл болады:
Қаржылық-экономикалық кедергілер. Бұл қалдықтармен байланысты тарифтер мен басқа төлемдерді белгілеу және реттеу мәселелері, сондай-ақ қайта өңдеуді дамытуға нақты экономикалық ынталандырудың болмауы. Қазіргі уақытта коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару және көму қызметтері үшін халық ай сайын 100 теңгеден 260 теңгеге дейін төлейді. Тариф қалдықтарды басқару жүйесін қолдау және жаңарту мақсатында инфрақұрылым құру үшін жеткіліксіз, сондай-ақ инвесторлар мен жеке кәсіпкерлер үшін тартымды емес.
Әкімшілік кедергілер жаңа қатысушылардың нарыққа кіруіне кедергі келтіреді, өйткені бұл саланың жұмыс істеуін жеткілікті түрде ашық етпейді.
Ақпараттық-мәдени кедергілер халықтың қалдықтармен сапалы жұмыс істеудің маңыздылығын жеткіліксіз түсінуден туындайды. Қалдықтарға деген көзқарастың түбегейлі өзгеше мәдениетін қалыптастыру, мінез-құлықтың жаңа нормалары мен ережелерін әзірлеу қажет. Қалалар мен елдімекендерде қалдықтарды басқарудың ұтымды жүйесін енгізу жұртшылықты хабардар ету жөніндегі науқан өткізбей жасалмайды.
Заңсыз полигондардың, сондай-ақ ірі қалаларға жақын қоқыс полигондарының пайда болу мәселесін шешу үшін біз мынаны ұсынамыз:
1) Қалдықтарды жинау жүйесінің ашықтығын жетілдіру және қалдықтарды бөлек жинау жөніндегі заңнамалық базаны әзірлеу;
2) Қалдықтарды бөлу үшін саралауды қоса отырып, ҚТҚ шығару үшін тарифті қайта қарау;
3) Қалаларда бизнес пен халық үшін қоқысты бөлек жинауға ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
4) Қалдықтарды тұтынуға және олардың түзілуіне құлшыныспен қараудың жаңа мәдениетін енгізумен айналысу.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
Қ. Сейітжан
Г. Танашева
М. Магеррамов
И. Смирнова
И. Сұңқар
27.06.2023 ж. жарияланды