Татуластыру рәсімдері, келісу комиссиялары және медиация арқылы халықтың сот төрелігіне қол жеткізуін шектеу мәселесі бойынша

dep.jpg

Қазақстан Республикасы Бас прокуроры Б.Н. Асыловқа

Қазақстан Республикасы Әділет министрі А.Н. Есқараевқа

                                         ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ 

Әркімнің сот төрелігіне қол жеткізуі негізгі құқық - ең маңыздысы халықаралық стандарттардың бірі. Біз озық әлемдік тәжірибелер мен халықаралық стандарттарға жиі жүгінеміз, алайда мұны түбегейлі реформаларға келгенде әрдайым қолдана бермейміз. Сот төрелігіне еркін қол жеткізу, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында, азаматтық және саяси құқықтар, сондай-ақ басқа да халықаралық-құқықтық құжаттар туралы халықаралық пактінің 14-бабында бекітілген.

Біздің елде әркімнің құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде сот арқылы қорғалу құқығы Негізгі Заңда бекітілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» деп көрсетілген. Императивті, кідіріс жоқ, сөзсіз.

Сот төрелігіне қол жеткізу, нақты сот қорғауын алуға мүмкіндік беретін іс жүргізу-құқықтық тетікті қатаң сақтай отырып, істі кәсіби қарауды көздейді. Сот төрелігінің қолжетімділік принципі кез келген мемлекеттің саясатының негізі бола отырып, азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін, сотқа кедергісіз жүгінудің заңмен бекітілген және нақты кепілдендірілген мүмкіндігі болып табылады.

Дегенмен, біздің құқықтық қолдану тәжірибеміз кез келген адам өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тәсілдері мен құралдарын бағдарлай алатындай құқық қорғау тетіктерін мінсіз реттеуге әлі қол жеткізе алмай отырғанымызды айғақтайды.

Қолжетімді сот төрелігі – бүгінгі қоғамның айқын талабы. Сот төрелігіне қолжетімділік жасанды түрдегі кедергілерге жол бермеу және азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуінде кедергі келтіретін факторлар мен нормалардың болмауы. Кез келген құқықтық мемлекетте бұл адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың ең тиімді түрі - сот арқылы қорғау және оның қол жетімділігі құқықтық жүйенің даму деңгейін көрсетеді.

Біздің елімізде соңғы жылдары татуластыру рәсімдері, келісу комиссиялары мен медиация түрінде «сотқа дейінгі кедергілердің» барлық түрлерін жасау арқылы «сот істерін жүргізуді жеңілдетуге» қызығушылық болғаны соншалық, сот төрелігіне қол жеткізу бірнеше есе күрделене түсті. Соттарда тіпті азаматтар мен заңды тұлғалардан қабылданған талап-арыздардың санын азайтудың алгоритмдері жасалғаны белгілі, соттар сот жүйесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге түбегейлі қайшы келетін «мәжбүрлеп қабылданған талап» сияқты тұжырымдарды қолданады.

Азаматтар мен заңды тұлғалар соттардың талап-арызды қабылдаудан және тіркеуден бас тарту үшін барлық мүмкіндіктер мен негіздерді пайдаланып, елеусіз, кейде негізсіз себептермен талап арыздарды қайта-қайта қайтарып жатқанына шағымданады. Заңгерлер қауымы да қоғамдық кеңістікте, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та сот жүйесіне наразылықтарын білдіріп жатады. Соттар статистикаға сүйене отырып, сот процесінің тараптарын ірі қалалардағы соттарды «істі жеңілдету» үшін аумақтан тыс соттылықты қолдануға көндіретін жағдайлар да белгілі. Сондай-ақ, татуластыру рәсімдерінде іс жүзінде мәжбүрлеу және құқықтарды сот арқылы қорғауға кедергі жасау фактілері де болады.

Сот жүйесі қаралып жатқан істердің саны бойынша судьялар мен соттарға түсетін жүктемені азайтуға ұмтыла отырып, іс жүзінде қажет емес нәрселермен бірге құнды нәрседен де айрылып қалады.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (ӘРПК) енгізу және құқық қолдану практикасы, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің жетілмегендігін және әкімшілік сотқа жүгінуге кедергі болатын әуре-сарсаңға салуды көрсетті. Жоғары тұрған әкімшілік органға сілтемелердің барлық түрлері, мерзімдерді бұзу және басқа да негіздер қарапайым адамдар үшін сот төрелігінің қол жетімсіздігіне әкеледі.

Проблемалардың ең маңысы - бұл еңбек даулары. Мұнда келісім комиссиясының өтуі міндетті шарт болып отыр. Шындығында, көптеген кәсіпорындарда келісім комиссиялары құрылмаған, бірақ бұл комиссия жұмыс берушінің актілерін өздері дайындаған кадрлар мен заң қызметкерлерінен құралған. Нәтижесінде уақыт созылып, шешімдер көп жағдайда қызметкердің пайдасына қабылданбайды. Осыдан соң, сотқа жүгінеді. Егер комиссия кәсіпорында болмаса, онда оны құруға бірнеше ай кетуі мүмкін және қызметкер қорғалмаған күйде қалады. Еңбек даулары бойынша талап қою мерзімін өткізіп алу тіуекелі де бар. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, осы мәселелерді шешуде, ел азаматтарына сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша келесі шараларды Үкіметтің қарауына ұстанымыз:

Татуластыру рәсімдерін, келісу комиссиялары және медиация арқылы кедергілерді төмендету жөніндегі тетіктер.

Соттарды мамандармен, көмекшілермен, хатшыларды қоса алғанда, штаттық қызметкерлер құрамымен қамтамасыз ету шарттары Сот қызметкерлерін жеделдетіп оқыту үшін арнайы білім беру бағдарламаларын енгізу мүмкіндігі.

Халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кеңейтілген аймақтар негізінде жаңа аудандық кассациялық соттарды құру және оны үздіксіз енгізу.

Әкімшілік-аумақтық жерлерде судьялар санын ұлғайту және еңбекақыны ұлғайту.

Республикалық маңызы бар қалаларда жалпы юрисдикциядағы соттарды біріктіру саясатын жалғастыру.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес, депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

М. Магеррамов

И. Сұңқар

К. Сейітжан

И. Смирнова

Г. Танашева

06.09.2023 ж. жарияланды