ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
ҚР Ұлттық экономика министрі
Н.С. Байбазаровқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Нұрлан Серікұлы!
Қазақстан такси қызметiнiң құны бойынша әлемдiк рейтингiнде73-орында тұр. 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі такси қызметтерінің құны километріне 0,67 доллар - бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Қазақстанда «Яндекс.Такси» платформасы қазіргі сәтте іс жүзінде жеке дара монополист бола отырып, такси қызметтері нарығындағы ірі ойыншыға айналды.
Біз мемлекеттік органдар нарық үлесінің өсуі «Яндекс.Таксиге» жалпы нарық жағдайларын бақылауға және ықпал етуге мүмкіндік беретініне алаңдай отырып, өткен жылы аталған компанияны әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, оның қызметін реттеуге әрекет жасағанын білеміз және осы жұмыстың нәтижелерін оң бағалаймыз.
Сонымен қатар, біз жол ақысынан төленетін комиссия бұрынғысынша жоғары деңгейде қалып отырғанына алаңдаймыз, өйткені бұл қызмет ақысының құнына тікелей әсер етеді. Мысалы, тарифке және өңірге байланысты әрбір сапар үшін сервис комиссиясы 11-ден 17% -ға дейін алынады. Оған қоса, таксопарктердің ақысы 4% -ға дейін алынады. Бүгінгі таңда «Яндекс.Такси» жүргізушілері 200 мыңнан астам адам болып табылады. Олардың 50 мыңнан астамы - негізгі табыс. Қалған 150 мың адам үшін бұл қосымша табыс. Және бұл факт адамдардың жаппай қымбатшылықтан қиналып отырғанын, жалақысының төмендігінен өмір сүруге ақша жетпейтінін, сондықтан да олар такси қызметіне шығуға мәжбүр екенін көрсетеді.
2023 жылды қорытындылай келе, БАҚ арқылы қазақстандық такси жүргізушілерінің табысы елдегі орташа жалақыдан екі еседен артық болғаны туралы ақпарат таратты. «Қазақстандағы Яндекс. Такси жүргізушісіне түсетін ақша айына 493 мың теңге», - деп жазған болатын.
Біздің ойымызша, түсім - бұл таза пайда емес. Және түсімді жалақымен салыстыру орынсыз. Жалақымен таза пайданы салыстыру керек.
Егер такси жүргізушісінің 1000 теңге көлеміндегі бір тапсырысын есептеп, одан отын, жуу және автокөліктің табиғи тозуын есепке алу шығындары мен барлық комиссияларды алып тастасақ, онда жүргізушінің таза табысының сомасы шамамен 300-400 теңге болады.
Біздің ойымызша, такси қызметінің құны азаматтар үшін қолайлы болуы тиіс және ТМД-да ең жоғары болмауы керек. Ал таксистер бұл бағаның едәуір үлесін комиссия түрінде бермеуі тиіс.
Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, Қазақстан Халық партиясы ұсынады:
Құрметпен «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
И. Смирнова
М. Магеррамов
К. Сейтжан
И. Сұңкар
Г. Танашева