Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Ә. А. Смаиловқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Мемлекет басшының жолдауынан кейін өңірге барған адам не көруі тиіс? Жолдаудан кейін саяси сала, жергілікті басқару институты түбегейлі өзгеруі керек еді. Барлығы ел мүддесі үшін жұмыс істеп, экономикалық өсім көрсететін уақыты жеткен еді. Осы орайда мемлекеттік орган бизнес пен азаматтық қоғаммен бірлесіп жұмыс істейді деп күттік. Ең болмағанда, шенеуніктер өз аймағындағы жағдаймен таныс болуы керек еді. Өкінішке қарай , мұндай өзгерістер жоқ. Бәрі қаз қалпында. Әкімдіктер, басқа мемлекеттік органдар өздерінің әлемінде, ал халық болса өз жыртығын өзі жамап жүр.
Өткен аптада Қазақстан Халық партиясы фракция депутаттары өңірдің экономикалық дамуын, жаңа парадигмасымен танысу үшін Павлодар облысына барды. Осы сапар барысында 500-ден астам азамат, ұжымдар депутаттардан кеңес алды. Қолдау сұрады.
Сонымен өңірде біз түртіп алған ең өзекті деген мәселелерге тоқталайын:
«Қазфлот» жеке кәсіпкерлігі Ертіс өзені арқылы Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынасын жүргізіп жүр. Былтырғы тауар айналымы 92 млн тоннаға жетті. Олар бары-жоғы 17 барж, 7 кеме, және қалқыма кранмен жұмыс істеп жүр. Кәсіпкерге мемлекеттен бір тиын қолдау жоқ. Субсидия өмірі алып көрмепті. Өйткені аталған саланы қолдауға арналған бағдарлама жоқтың қасы. Кәсіп иесі өз мәселесін өзі шешіп жүр. Бірақ кейде адамның қолынан да келмейтін жайттар болады. Мысалға , тиелген жүкті қолмен түсіру мүмкін емес. Ол үшін жүкті көтеретін құрылғы керек. Логистика да бизнесті тежеп тұр. Одан бөлек Ертіс өзенін балдырддан тазалау керек.
Сондай-ақ өңірде қыздырылған мұнай коксын өндіретін "УПНК-ПВ" ЖШС-і бар. Зауыт 430 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазір кәсіпорын локомобильді тіркеуге қоя алмайды әрі темір жолдардың жанасуын ұйымдастыра алмайды. Көптеген өтініштерге қарамастан, коммуналдық инфрақұрылым мәселесі әлі шешілмей келеді.
Шаруалар болса кәсіптерін дамыту үшін несие ала-алмай жүр. Нақтырақ айтсақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингін ұйымдастыруда, суармалы жүйелерді салуда және т.б. қиындықтар бар. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басты өтінішінің бірі-аграрлық сектор кәсіпорындарын қаржыландыру үшін мамандандырылған Агробанк құру керек. Кәсіпкерлер аграрлық сала мен ғылымды дамытуға дайынбыз-, дейді. Мемлекеттен қолдау болмаған соң, шаруалар ғылымды игеріп ,тұқымдарды да өздері өндіруді қолға алмақшы.
Павлодардағы 10 аурухана пациенттерін тамақпен қамтамасыз етемін деп, жұмыс істеуге келіскен кәсіпкер шығынның астында қалды. Бизнесмен бастапқыда бұл жұмысқа келіскеніне өкініп қалды. Шарт бойынша аурухана блоктарын жөндеген, одан қалды диеталық тағам әзірлейтін мамандарды жинап жұмысқа кіріскен. Алайда бірнеше ай бойы ауруханалардан бір тиын қаржы түспеген. Оған медициналық сақтандыру қорынан қаржы түспей жатыр деп шағымданған. Одан қалды бір пациентке деп бар-жоғы 1000 теңге бөлінеді. Бұл диеталық тағам үшін. Науқастардың арнайы тағамы үшін бөлінетін қаржы 2019 жылы бекітілген. Сол қалпынан өспеген. Шығынға батқан кәсіпкер ай сайынғы жалдау ақысы, қызметкерлердің жалақысын, коммуналдық қызмет құнын төлеуге мәжбүр.
Енді оған барлық жабдықтарды ауруханада қалдырып, кәсібін тоқтатуға кеңес беріпті. Міне, біздегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің кейпі осы!
Келесі мысал келтірейін. Павлодар қаласы Центральная 2.6.9 орналасқан үш қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Тұрғын үй құлап тұр. Тіпті төтеншеліктер бұл ғимаратқа өте қауіпті деп баға беріпті. Ал ол үйде тұратын басқа адамдар емес, өз азаматтарымызғой. Әбден ескірген үй әлі күнге дейін адамдардың меншігінде, әрі ол жердегі үйде бір—бір отбасы тұрып жатыр. Мәселені шешкеннің орнына әкімдік делдалмен келісім шарт жасап, пәтер жалдап тұрыңдар деп кесіп айтқан. Ең сорақысы әкімдік егер тұрғындар дереу көшпесе, төтеншеліктермен келіп үйді сүреміз-, депті. Адамдарға жазбаша ескерту де берілмеген. Шарасыз халық өздері заңгерге жүгініп әкімдікпен соттасып жүр. Бұл мәселе барлық өңірде барғой, сол секілді ол азаматтарға неліктер басқа үй берілмейді?
Сирек кездесетін онкологиялық аурумен ауыратын Павлодар тұрғыны медициналық көмекке қол жеткізе алмай жүр. Біздің елде осы аурумен емделу мүмкін емес. Шетелде емелу үшін құжат рәсімдеу мүмкін болмай тұр. Осындай қауіпті дертпен ауыратын жалғыз адам емес.
Қортыныласақ өңірде мәселе шаш етектен. Жергілікті әкімдік болса жұмыс істегісі келмейді. Осыған қарап «Әділетті Қазақстан», «Естуші Үкімет» деген құр ұран болып қалатын сияқты.
Қазақстан халық партиясы осы орайда келесідей шешу жолдарын ұсынады:
Ескі жаяу жүргінші жақтауларын жаңасына ауыстыру. Қала орталығына апаратын барлық бағыттағы жолды жөндеу. Жол шетінде жамылғысы болмаған жағдайда жеке талқылаудың нысаны болуы тиіс!
2.Әкімдіктерді Мемлекеттік есебінен ұстау қажеттілігін қарастыру.
Қазір әкімдік ғимараттары дұрыс пайдаланылмайды. Ондағы шенеуніктердің кабинеттері өте үлкен. Осындай ғимаратты білім мекемелеріне беру керек.Осылайша өңірдегі орын тапшылығын шешуге болады.
3.Өңірдегі кәсіп иелерінің мәселесін шешетін штаб ашу керек.
Жылдан жылға бұл аймақта бизнес пен әкімдіктің теке тіресі артып келеді. Бұл мәселені бір жақты ету керек.
Оқу ағарту министрлігінің өзі ішінара 15 салаға бөлінеді. Одан кейін оған қарасты бөлімдер көп. Бір сөзбен министрлікті монополисттер жайлап алған. Осы бағыттардың барлығына жеке қолдамай, бір нақты салаға қаражат аударылса нәтиже болады деп ойлаймыз. Онсыз білім саласында өсу жоқ.
Қазір Қазақстанның экономикасын екі өңір ғана толтырып тұр. Бұл әрине басқа аймақ үшін ыңғайлы. Бірақ солардан түскен табыс өңірге бағытталар кезде жауапкершілік те бірге жүктелуі тиіс.
Екінші деңгейлі банктерден салық жинай бастау керек. Бұл біз ойлағандай қауіпті үрдіс емес. Іске асырып көру керек.
Мүмкін Үкімет кабинетіне жаңа кадрлік саясатты іске асыру керек шығар. Орындары ғана ауысатын кадр емес: партия, бизнес, қауымдастықтағы білікті мамандары шақыруы керек. Бізде де лайықты кандидат бар.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
Г. Танашева
М. Магеррамов
И. Смирнова
Қ. Сейітжан
И. Сұңқар
21.06.2023 ж. жарияланды