Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Ә. А. Смаиловқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Ел Конституциясының 27- бабында: балалық шақ мемлекеттің қорғауында екені айтылған. Осылайша, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттің қамқорлығында болады.
Мемлекет үлкен өмірге қадам басқанда балалар үйлерінің түлектерін, патронаттық отбасыларда тәрбиеленген балаларды жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай құқық сөзсіз болуы керек!
Бүгінгі таңда ержеткен 62 351 жетім бала өз шаңырақтарын күтіп отыр. Тәуелсіздік жылдарында оларға небары 8 444 үй бөлінді. Мұның барлығы тегін баспана емес, арасында сатып алынғаны да бар. Жағдай осылай жалғаса беретін болса, кезекте тұрғандар 120 жылдан кейін ғана үй алады немесе түрлі бағдарламалар арқылы оны сатып алу құқығына ие болады.
Шағын Петропавлда 1 500 пәтердің заңсыз үлестірілгені, Қарағандыда азаматтардың әлеуметтік осал санатына арналған, бірақ мемлекеттік қызметшілерге заңсыз берілген және басқа да деректер жетімдерге арналған тұрғын үй бар, алайда оны шенеуніктер уысынан шығарғысы келмейді деген ойға итермелейді.
Әрине бұл түрлі қиын жағдайға байланысты жетім қалған бай елдің азаматтары үшін әділетсіз.
Адамгершілік пен жанашырлықтың құндылығы мен дәлелі – жетімдерге қамқорлық жасау екенін есте ұстаған жөн.
«Жетімнің басын сипаған адамға оның қолына тиген әрбір шашының мөлшеріндей көлемде сауап беріледі», дейді халық даналығы.
Қазақстан Халық партиясы тұрғын үй ваучерін қолдану, тұрғын үймен тікелей қамтамасыз ету, жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй және басқа да әдістер арқылы ел азаматтарының осы санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігін шұғыл түрде қарауды ұсынады.
Мемлекет балаларына қарызын қайтаруы керек. Сонымен қатар бұрын шетелге шығарылған, кейін елге қайтарылған 670 млрд.теңгеден жетім балаларға қысқа мерзімде тұрғын үй беруге қаржы қарастыруға болатынына сенімдіміз.
«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:
И. Смирнова
М. Магеррамов
Г. Танашева
И. Сұңқар
К. Сейітжан
26.04.2023 ж. жарияланды