ЖТС төлеу кезінде мүгедек балалардың ата-аналарының құқықтарының бұзылуы туралы

dep.jpg

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Ә. А. Смаиловқа

                                         ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ 

                                       Құрметті Әлихан Асханұлы!

Қазақстан Халық партиясының атына мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен осы санаттағы адамдарды жеке табыс салығынан (бұдан әрі - ЖТС) босатуды және заңнамада көзделген, бұрын берілген жеңілдіктердің орындалуын қамтамасыз етуге жәрдем көрсету туралы өтініштер келіп түседі.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 346-бабына сәйкес кейбір адамдар, оның ішінде мүгедектігі бар баланың ата-анасы, қамқоршысы табысы жылына 882 АЕК мөлшерінен аспаса жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС) төлеуден босатылады, бұл 2023 жылы 3 042 900 теңге. Айына 253 575 теңге, өткен жылмен салыстырғанда төмен.

Табыс 3 042 900 теңгеден асқаннан кейін оған бірден ЖТС салынады.

Өкінішке қарай қандай да бір себептермен мүгедек баланың ата-анасының тағы бірнеше баласы бар екендігі ескерілмейді, ал олардың бір бөлігі мұндай балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған әйелдер. 441 919 теңге аударылғанда ЖТС 8 701 теңгені құрайды, ерекше баланың ата-анасы қолына 380 187 теңге алады. Кейбіреулер үшін бұл ұсақ-түйек, ал осы адамдар үшін балаларына азық-түлік немесе киім сатып алуға болатын ақша. Осы мәселені пысықтап, мүгедектігі бар адамдар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды ЖТС-тан босатудың жаңа нормасын енгізуді сұраймыз.

Сонымен қатар мүгедектер мен мүгедек балалардың ата-аналарында жеңілдіктердің белгілі бір санаты бар, бірақ ол іс жүзінде үнемі қолданыла бермейді.

Мысалы, Нотариаттық қызметті жеңілдікпен алу құқығы бар мүгедек баланың ата-анасы көбінесе құқығын жүзеге асыра алмайды. Іс жүзінде мүгедек балалардың ата-аналары нотариаттық қызмет түрлерін алу кезінде мемлекеттік баж төлеуден босатылған.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27- бабына сәйкес, депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

М. Магеррамов

И. Смирнова

Г. Танашева

И. Сұңқар

К. Сейітжан

03.05.2023 ж. жарияланды